2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Аршалы ауданы Аршалы кенті, Ақбұлақ, Бірсуат, Елтоқ ауылдық округтері, Ижев ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы және Жібек жолы кенті әкімінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің құрылуына байланысты әкімдерін сайлау қорытындылары хабарлама
2025 жылғы 13 шілдеде Аршалы ауданы Аршалы және Жібек жолы кенттері, Ақбұлақ, Бірсуат, Елтоқ және Ижев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Аршалы ауданының Аршалы және Жібек жолы кенттері, Ақбұлақ, Бірсуат, Елтоқ және Ижев ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Аршалы сайлау округі
Аршалы кенті әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 5 447 азамат енгізілді, олардың –1 364 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 53, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 105.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бердібеков Б.Б. – 55; Бижанов Н.М. – 539; Жандыбаев Қ.М. – 612.
Аршалы кентінің әкімі болып Қуаныш Мұхтарұлы Жандыбаев сайланды, 1975 жылы туған, "KVINTEC construction" ЖШС жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекторы, Қостомар ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Ақбұлақ сайлау округі
Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 626 азамат енгізілді, олардың – 391 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 15, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 96.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алексеева В.В. – 180; Князов К.С. – 10; Хамзе Қ.М. – 90.
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Алексеева Валентина Валерьевна сайланды, 1989 жылы туған, "Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысының орынбасары, Аршалы кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Бірсуат сайлау округі
Бірсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 436 азамат енгізілді, олардың – 247 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 4.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Игенов М.Б. – 71; Қажетов А.Қ. – 4; Туткабекова А.Е. – 165.
Бірсуат ауылдық округінің әкімі болып Ақмарал Ерікқызы Туткабекова сайланды, 1990 жылы туған, Қарағанды облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ жұмыспен қамту және уақытша жұмысқа орналастыру бөлімінің маманы, Бірсуат ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Елтоқ сайлау округі
Елтоқ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 862 азамат енгізілді, олардың – 341 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 17, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 35.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Құсайнов А.А. – 65; Қыдырбаева Т.Ұ. – 176; Усович А.Г. – 48.
Елтоқ ауылдық округінің әкімі болып Қыдырбаева Тыныштық Ұзақбайқызы сайланды, 1984 жылы туған, Елтоқ ауылдық округінің әкімі, Елтоқ ауылында тұрады, "AMANAT" партиясынан ұсынылған.
Ижев сайлау округі
Ижев ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 1 164 азамат енгізілді, олардың – 651 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 38, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 130.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Айбасов Ж.Ө. – 406; Мусинов Т.Х. – 37; Омаров А.Т. – 40.
Ижев ауылдық округінің әкімі болып Айбасов Жанат Өміртайұлы сайланды, 1979 жылы туған, "Ижевский" ӨК заңгері, Ижевский ауылында тұрады, "AMANAT" партиясынан ұсынылған.
Жібек жолы сайлау округі
Жібек жолы кенті әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 3 896 азамат енгізілді, олардың – 2 026 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 96.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Амангелдинов А.Қ. – 316; Баймағамбетов А.Д. – 374; Бекенов С.Б. – 1 228.
Жібек жолы кентінің әкімі болып Бекенов Серғали Базарбайұлы сайланды, 1974 жылы туған, Жібек жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары, Жібек жолы кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2025 жылғы 14 шілдедегі шешіммен 2025 жылғы 13 шілдеде сайланған Аршалы және Жібек жолы кенттерінің, Ақбұлақ, Бірсуат, Елтоқ және Ижев ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы