, Ақбұлақ, Бірсуат, Елтоқ және Ижев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу барысы туралы ақпарат
А.ж. 4 маусымда Аршалы аудандық сайлау комиссиясы "Аршалы ауданы Аршалы кенті, Ақбұлақ, Бірсуат, Елтоқ ауылдық округтерінің әкімдерін кезекті сайлауды, Ижев ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлауды, әкімшілік-аумақтық бірліктің құрылуына байланысты Жібек жолы кентінің әкімін сайлауды тағайындау және сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы" қаулы қабылданды,жоғарыда айтылғандардың негізінде әкімдерді сайлау 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалды.
Сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге 1 аумақтық 18 учаскелік комиссия қатысады. Барлығы 105 комиссия мүшесі, оның ішінде 7 АСК мүшесі, 98 УСК мүшесі.
Алты округ бойынша ұсыну кезеңінде 28 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 кандидатқа "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының 68-тармағына сәйкес қажетті өтілінің болмауына байланысты бас тартылды, 1 кандидатқа ЖҚЖК және СУ талаптары негізінде, 2 кандидат жеке өтініші бойынша алынып тасталды, 1 кандидатқа мерзімінде қол қою парақтарын ұсынбауына байланысты тіркеуден бас тартылды.
21 кандидат тіркелді және сайлау бюллетеньдеріне енгізілді, оның ішінде:
- Аршалы кенті бойынша 4 кандидат;
- Ақбұлақ ауылдық округі бойынша 3 кандидат;
- Бірсуат ауылдық округі бойынша 4 кандидат;
- Елтоқ ауылдық округі бойынша 3 кандидат;
- Ижев ауылдық округі бойынша 3 кандидат,
- Жібек жолы кенті бойынша 4 үміткер.
Алты округтің аумағында 18 баннер, ақпараттық плакаттар орналастырылған.
22 маусым күні сағат 18.00-ден кейін кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын бастады, ол 11 шілдеге дейін жалғасады.
22 маусымдағы жағдай бойынша алты сайлау округі бойынша сайлаушылар саны 12 431 адамды құрайды.
Мүгедектігі бар адамдардың саны 67 адамды құрайды, оның ішінде 23 адам кресло-арбаларды пайдаланады, 29 адам көру қабілеті нашар, оның ішінде 6 соқыр және 23 көру қабілеті нашар, 15 адам есту қабілеті нашар.
Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері шақыру қағаздарын таратқан кезде, сондай-ақ үйде дауыс беру бойынша өтініштерді жинау бойынша жұмыс жүргізеді.
Барлық учаскелік комиссиялар ақпараттық стендтермен, кабиналармен, стационарлық және тасымалданатын урналармен, кеңсемен және т.б. жабдықталған.
Ағымдағы жылдың 30 маусымында облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің және мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қатысуымен сайлау комиссияларының мүшелерімен оқыту семинары өткізілді, оның барысында дауыс беру күні учаскелік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау, дауыстарды санауды жүргізу, дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жасау және ұсыну, сондай-ақ АСК мен УСК арасындағы жұмыстағы басқа да аспектілер мәселелері қаралды. Дауыс беру күні туындауы мүмкін әртүрлі жағдайларда әрекет ету алгоритмдеріне ерекше назар аударылды. Алған білімдерін бекіту үшін семинарға қатысушыларға кейстік тапсырмалар, бақылау сұрақтары ұсынылды, "ҚР сайлау туралы" ҚР ҚЗ біліміне тестілеу, сондай-ақ "Сайлау заңнамасы" тақырыбында "Квиз"зияткерлік ойыны өткізілді.
Сайлау күні комиссиялардың жұмысы дауыс беру күнін өткізу алгоритміне сәйкес ұйымдастырылады.
Комиссиялардың жұмысы бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіледі.