Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының босатылған мүшелерiн оқыту бойынша ақпарат

А.ж. 28 қазаннан 30 қазанға дейiн Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары Муктар Балгужаулы Сабиржанов және АСК хатшысы Сауле Барлыбаевна Акубасова Көкшетау қаласында Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы мемлекеттiк басқару академиясы филиалдың базасында «Қазақстан Республикасы Мәжiлiс Парламентi және мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткiзу жөнiнде сайлау комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және сайлау процесстерiнiң құқықты негiздер» тақырыбында оқыту семинарына қатысты.

Семинардың мақсаты — Қазақстан Республикасы Мәжiлiс Парламентi және мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткiзу кезiнде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру ерекшелiктерiн ашу, сайлау процессiнiң құқықты негiздерi бiлiмдерiн кеңейту.

Оқыту семинарында интерактивтi пiкiрсайыстар және сабақтар, практикалық сабақтар, кейстiк тапсырмалар, iскерлiк ойын өткiзiлдi. Оқыту қорытынды бойынша сертификаттар берiлiп тестiлеу өткiзiлдi.

Сабақтарды: Садуов Манарбек Айдарбекович, Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы;

Политкин Николай Афанасьевич, Ақмола облыстық сайлау комиссиясының хатшысы;

Жолумбаев Марат Копжасарович, заң ғылыми кандидаты, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң доцентi;

Бекентаева Алма Болатовна, Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мүшесi;

Баталов Булат Сабитович, Ақмола облыстық мәслихат аппараты басшысының орынбасары, Ақмола облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары;

Искакова Акмарал Каиржановна, Ақмола облысы әкiмi аппаратының қаржы бөлiмiнiң басшысы — бас бухгалтерi өткiздi.

Дата публикации
06 ноября 2020