Аршалы ауданы Аршалы және Жібек жолы кенттерінің, Ақбұлақ, Бірсуат, Елтоқ, Ижев ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауын 2025 жылдың 13 шілдесіне тағайындау туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына, «Аршалы ауданы Аршалы кенті, Ақбұлақ, Бірсуат, Елтоқ ауылдық округтерінің әкімдерін кезекті сайлауды, Ижев ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлауды, әкімшілік-аумақтық бірліктің құрылуына байланысты Жібек жолы кентінің әкімін сайлауды тағайындау және сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 маусымдағы №10/48 қаулысына сәйкес 2025 жылдың 13 шілдесіне сайлау тағайындалғанын хабарлаймыз:
- Аршалы кенті әкімінің;
- Жібек жолы кенті әкімінің;
- Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің;
- Бірсуат ауылдық округі әкімінің;
- Елтоқ ауылдық округі әкімінің;
- Ижев ауылдық округі әкімінің.
Бұдан басқа, әкімдері сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған (Аршалы ауданы әкімдігінің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-arshaly/activities/71524?lang=kk )
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.