Қазақстан мемлекеттiк шекарадағы шектеу шараларын күшейтедi

ВАК бiрқатар шешiм қабылдады:

I. Мына азаматтар үшiн Мемлекеттiк шекараны кесiп өту тәртiбiне өзгерiстер енгiзу:

- ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдiктер, олардың отбасы мүшелерi үшiн;

- ҚР азаматтарының отбасы мүшелерi болып табылатын шетелдiктер үшiн.

Аталған санаттағы тұлғалар ҚР Мемлекеттiк шекарасын 90 тәулiкте 1 реттен артық кесiп өте алмайды (бұған дейiн 30 тәулiк болған).

II. Визасыз режим бойынша

57 елдiң азаматтары үшiн визасыз режимдi тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 мамырға дейiн ұзарту.

ҚХР мен Үндiстаннан келетiн транзиттiк жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 қаңтарға дейiн ұзарту.

III. Түркиямен әуе рейстерi бойынша

2020 жылғы 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерiнiң санын аптасына 33-тен 20-ға дейiн қысқарту.

Дата публикации
04 ноября 2020