2025 жылдың бірінші жартыжылдығында халықпен өткізілген тұрақты кездесулердің қорытындылары туралы

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында халықпен өткізілген тұрақты кездесулердің қорытындылары туралы

 

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Халықпен кездесулерді өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында және бекітілген кестеге сәйкес, 2025 жылғы 18-25 сәуір аралығында ауданда барлығы 34 кездесу өткізілді, оның ішінде 13 кездесу Аршалы ауданының әкімі Д.Б. Есжановтың қатысуымен, 21 кездесу қала, ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен өтті.

Кездесулердің өткізілу кестелері аудан әкімдігінің сайтында жарияланды.

Халықпен кездесулерден кейін азаматтарды жеке қабылдаулар өткізілді.

Кездесулерге барлығы 1419 адам қатысты. 132 адам сөз сөйлеп, 109 ұсыныс түсті. Барлық 109 ұсыныс әлеуметтік сипатта болды, экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар түскен жоқ.

Аудан тұрғындарын толғандырған негізгі мәселелер: автомобиль жолдарын жөндеу және салу – 31 (28,44%), ауыз су, газ, электр, телефондандыру және интернетпен қамтамасыз ету – 27 (24,77%), денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарын жөндеу және салу – 5 (4,59%), абаттандыру, санитарлық тазалау және экология мәселелері – 12 (11,04%), жер қатынастары – 7 (6,42%) және басқа да мәселелер – 19 (17,43%).

Кездесулердің қорытындысы бойынша барлық 109 ұсыныс қаралды, оның ішінде 3 ұсыныс Аршалы ауданы әкімінің халықпен кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына енгізілді.

Халықпен кездесулер барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы тоқсан сайын аудандық газетте және аудан әкімінің сайтында жарияланып отырады.

Ауданда кездесулер ұйымдасқан түрде өткізілді, облыс, аудан, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдеріне қатысты сыни ескертпелер айтылған жоқ.

 

 

Аршалы ауданы әкімінің аппараты

 

 

 

 

Дата публикации
28 апреля 2025