1.Мемлекет меншiгiндегi, елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде беру мынадай ретпен жүргiзiледi:
1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтiнiштi қарауға қабылдау;
2) жер учаскесiн алдын ала таңдау;
3) мемлекеттiк ақпараттық жүйелер арқылы не келiсу органдарында осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткiзгiштерде жер учаскесiн алдын ала таңдауды келiсу;
4) жер-кадастрлық жоспар жасау;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесiн пайдалану құқығын беру туралы шешiм қабылдауы;
6) уақытша (қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусiз) жер пайдалану шартын жасасу;
7) жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу.