Ақмола облысы Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 22 қазандағы № 40/42 қаулысымен бекiтiлген
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған
Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарының
кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың
күнтiзбелiк жоспары
1. Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша сайлау округiн құру және оның шекараларын және аумақтық сайлау комиссияның орналасқан жерлерiн көрсете отырып, тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмнен кешiктiрмей
2020 жылғы 31 қазаннан кешiктiрмей
(14-б., 6) т., 22-б.)
2. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей
2020 жылғы 31 қазаннан кешiктiрмей
(13-б. 4-т.)
3. Сайлау учаскелерiнiң шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аршалы ауданының әкiмi
Сайлау тағайындалғаннан кейiн он бес күндiк мерзiмнен кешiктiрмей
2020 жылғы 5 қарашадан кешiктiрмей
(23-б. 5-т.)
4. Учаскелiк сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейiн он бес күннен кешiктiрмей
2020 жылғы 5 қарашадан кешiктiрмей
(17-б. 2-т.)
5. Аршалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну
Саяси партияның тиiстi филиалы (өкiлдiгi)
Сайлау күнiнен екi ай бұрын басталады және сайлау тағайындалған кезде белгiленген мерзiмде аяқталады
2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергiлiктi уақытпен сағат он сегiзде аяқталады
(103-б.)
6. Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына партиялық тiзiмдi, саяси партияның тиiстi филиалы (өкiлдiгi) жоғары басшы органының партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан үзiндiнi, азаматтардың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге және тiркеу үшiн басқа да қажеттi құжаттарды ұсыну
Саяси партияның тиiстi филиалы (өкiлдiгi)
2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергiлiктi уақытпен сағат 18:00-де аяқталады
(103-б. 3,4, 5-т.)
7. Партиялық тiзiмдерге енгiзiлген Аршалы аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау
Аумақтық сайлау комиссиясы
Саяси партия партиялық тiзiмдi ұсынғаннан кейiн басталады
(102-б.)
8. Тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша кiрiстер мен мүлiк туралы декларацияларды ұсыну
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)
Партиялық тiзiм тiркелгенге дейiн
(104-б. 2-т.)
9. Аршалы аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмдерiн тiркеу
Аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау күнiнен екi ай бұрын басталады және сайлау тағайындалған кезде белгiленген мерзiмде аяқталады
2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергiлiктi уақытпен сағат 18:00-де аяқталады
(104-б.)
10. Аршалы аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмдерiн тiркеу туралы хаттаманы Ақмола облыстық сайлау комиссиясына ұсыну
Аумақтық сайлау комиссиясы
Тiркелген күннен бастап бес күндiк мерзiмде
(104-б. 5-т.)
11. Аршалы аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмдерiн тiркеу туралы хабарды жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аумақтық сайлау комиссиясы
Партиялық тiзiмдер тiркелгеннен кейiнгi жетiншi күннен кешiктiрмей
(104-б. 6-т. 1-тт.)
12. Партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сенiм бiлдiрiлген адамдарын тiркеу
Аумақтық сайлау комиссиясы
Саяси партия сенiм бiлдiрген адамдардың тiзiмiн тапсырғаннан кейiн
(14-б , тт.8), 31-б.)
13. Партиялық тiзiмге енгiзiлген кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен кiрiстерi мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру
Мемлекеттiк кiрiс органдары
Кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде
(104-б. 2-т.)
14. Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу және оларды жарақтандыру
Жергiлiктi атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиясы
Үгiт басталғанға дейiн, 2020 жылғы 10 желтоқсанға
дейiн
(28-б. 6-т.)
15. Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу
Партиялық тiзiмдердi тiркеу мерзiмi аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
2020 жылғы 10 желтоқсанда жергiлiктi уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейiн басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
(27-б. 2-т.)
16. Сайлаушылармен кездесуi үшiн үй-жайлар беру және бөлiнген үй-жайларда кандидаттардың және саяси партиялардың сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесiн жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Жергiлiктi атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу кезеңiнде
(28-б. 4-т.)
17. Әрбiр сайлау учаскесi бойынша әкiм қол қойған сайлаушылардың тiзiмдерiн учаскелiк сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну
Аршалы ауданының әкiмi
Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын
2020 жылғы 21 желтоқсанға дейiн
(26-1 б. 1-т.)
18. Азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тiзiмдерiн танысу үшiн сайлаушыларға ұсыну
Учаскелiк сайлау комиссиялары
Дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда
2020 жылғы 26 желтоқсаннан кешiктiрмей
(26-б. 1-т.)
19. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету
Учаскелiк сайлау комиссиялары
Дауыс беру өткiзiлетiн күнге дейiнгi он күннен кешiктiрмей
2020 жылғы 31 желтоқсанға дейiн
(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
20. Жекелеген сайлау учаскелерiнде дауыс берудi бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi сайлаушыларға жеткiзу
Аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау күнiне дейiнгi жетi күннен кешiктiрмей
2021 жылғы 3 қаңтарға дейiн
(38-б. 1-т., 3-т.)
21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерiн учаскелiк сайлау комиссияларына жеткiзу
Аумақтық сайлау комиссиясы
Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемiнде бiр күн бұрын
2021 жылғы 7 қаңтардан ерте емес және 9 қаңтарға дейiн
(37-б. 3-т.)
22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерiн ашу және тиiстi хаттама жасау
Учаскелiк сайлау комиссиялары
Дауыс берудiң басталуына бiр сағат қалғанда
Дауыс берудi бастаудың басқа уақыты белгiленбесе,
жергiлiктi уақыт бойынша сағат 06:00-де
(40-б. 1-т.)
23. Дауыс берудi өткiзу
Учаскелiк сайлау комиссиялары
Сайлау күнi егер дауыс берудiң басқа уақыты белгiленбесе, жергiлiктi уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейiн
(38-б. 1-т.)
24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесiнде тиiстi Аршалы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамалар жасау
Учаскелiк сайлау комиссиялары
Егер дауыс берудi аяқтаудың басқа уақыты белгiленбесе, жергiлiктi уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады
(18-б. 8) т., 43-б.)
25. Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға iлу
Учаскелiк сайлау комиссиялары
Хаттамаларға қол қойылғаннан кейiн — дереу
(43-б. 8-т.)
26. Сайлау учаскелерiнде дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну
Учаскелiк сайлау комиссиялары
Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн — дереу
(108-б. 1-т.)
27. Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы хаттаманы Ақмола облысы сайлау комиссиясына ұсыну
Аумақтық сайлау комиссиясы
Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн — дереу
(108-б. 3-т.)
28. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Аршалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгiлеу
Аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау өткеннен кейiн екi күннен кешiктiрмей
2021 жылғы 12 қаңтардан кешiктiрмей
(14-б. 9) т, 44-б. 2-т., 108-б.2,3-т)
29. Аршалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау
Аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау өткiзiлгеннен күннен бастап бес күннен кешiктiрмей
2021 жылғы 15 қаңтардан кешiктiрмей
(111-б. 1-т.)
30. Аршалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей
2021 жылғы 17 қаңтардан кешiктiрмей
(14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)
31. Сайланған Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарын тiркеу және әрбiр депутатқа куәлiк пен омырауға тағатын белгi тапсыру
Аумақтық сайлау комиссиясы
(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)
Ескертпе: Күнтiзбелiк жоспардың мәтiнiнде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сiлтемелер берiлдi.