«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 12-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың қоса берiлiп отырған үлгi күнтiзбелiк жоспары бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалар мен аудандардың әкiмдерi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлерiмен бiрге мәслихаттар депутаттарын сайлауды өткiзу кезеңiнде өңiрлердегi эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесiнiң санитарлық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларын көздесiн.
3.Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасының сайлау комиссиялары тиiстi күнтiзбелiк жоспарларды әзiрлесiн және қабылдасын.
4.Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина