2021 жылғы 10 қантарға тағайындалған, партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың КҮНТIЗБЕЛIК ЖОСПАРЫ

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 21 қазандағы
№ 29/332 қаулысына қосымша

2021 жылғы 10 қантарға тағайындалған,
партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың
КҮНТIЗБЕЛIК ЖОСПАРЫ

1. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей

2020 жылғы 31 қазаннан кешiктiрмей

(13-б. 4-т.)

2. Сайлау учаскелерiнiң шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Тиiстi әкiмдер

Сайлау тағайындалғаннан кейiн он бес күн мерзiм iшiнде

2020 жылғы 5 қарашадан кешiктiрмей

(23-б. 5-т.)

3 Учаскелiк сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейiн он бес күннен кешiктiрмей

2020 жылғы 5 қарашадан кешiктiрмей

(17-б. 2-т.)

4. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттарды ұсыну

Саяси партияның жоғары органы

Сайлаудан екi ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда жергiлiктi уақытпен он сегiз сағатта аяқталады 2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 30 қарашада жергiлiктi уақытпен сағат 18-00-де аяқталады

(87-б.)

5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына партиялық тiзiмдi, саяси партияның жоғары органының партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшiрменi азаматтардың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiмi туралы өтiнiштерiмен бiрге ұсыну

Саяси партиялардың жоғары органдары

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 30 қарашада жергiлiктi уақытпен сағат 18-00 аяқталады

(87-б. 2-т., 3-т.)

6. Партиялық тiзiмдерге енгiзiлген Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Саяси партия партиялық тiзiмiн ұсынғаннан кейiн басталады

(86-б.)

7. Тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiстер органдарына 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша кiрiстерi мен мүлкi туралы декларация тапсыру

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тiзiм тiркелгенге дейiн

(89-б. 2-т.)

8. Партиялық тiзiмдердi тiркеу

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Сайлаудан екi ай бұрын басталып, оған бiр ай қалғанда жергiлiктi уақытпен он сегiз сағатта аяқталады

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергiлiктi уақытпен 18-00 сағатта аяқталады

(89-б. 8-т.)

9. Партиялық тiзiмдердiң тiркелгенi туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Партиялық тiзiмдер тiркелгеннен кейiн оныншы күннен кешiктiрмей

(89-б. 6-т. 1) т.)

10. Партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркеу

Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары

Саяси партия сенiм бiлдiрiлген адамдарының тiзiмiн тiркеу үшiн ұсынғаннан кейiн

(14-б. 2-1) т., 31-б.)

11. Саяси партия ұсынған кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған кiрiстерi мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру

Мемлекеттiк кiрiстер органдары

Партиялық тiзiм тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде

(89-б. 2-т.)

12. Саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетенiне енгiзу бойынша жеребе тартуды өткiзу

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Партиялық тiзiмдердi тiркегеннен кейiн

(37-б. 1-т.)

13. Саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Партиялық тiзiм тiркелгеннен кейiн

(34-б. 6-т.)

14. Саяси партиялардың арнаулы шоттарына қаражаттың келiп түскенi туралы және оның жұмсалғаны туралы есептердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 ҚР ОСК қаулысымен бекiтiлген, ҚР Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 20 тамыздада № 870 тiркелген Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына сәйкес айына екi рет

15. Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу және оларды жарақтандыру

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалған күннен бастап, 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейiн

(28-б. 6-т.)

16. Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу

Партиялық тiзiмдердi тiркеу мерзiмi аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннiң алдындағы күнi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2020 жылғы 10 желтоқсанда жергiлiктi уақытпен 18-00 сағаттан кейiн басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергiлiктi уақытпен нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

17. Саяси партияларға сайлаушылармен кездесулерi үшiн үй-жайлар беру, бөлiнген үй-жайларда кандидаттар мен саяси партиялардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен кездесулер кестесiн жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу кезеңiнде

(28-б. 4-т.)

18. Әрбiр сайлау учаскесi бойынша әкiм қол қойған сайлаушылардың тiзiмдерiн акт бойынша учаскелiк сайлау комиссиясына ұсыну

Тиiстi әкiмдер

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2020 жылғы 21 желтоқсаннан кешiктiрмей

(24-1 б. 1-т.)

19. Сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар тiзiмдерiн танысу үшiн сайлаушыларға ұсыну

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Дауыс беру күнiне он бес күн қалғанда

2020 жылғы 26 желтоқсаннан кешiктiрмей

(26-б. 1-т.)

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткiзiлетiн күнге дейiнгi он күннен кешiктiрмей

2020 жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

21. Жекелеген сайлау учаскелерiнде дауыс берудi бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгiлеу және ол туралы шешiмдi сайлаушыларға жеткiзу

Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау күнiне дейiнгi жетi күннен кешiктiрмей

2021 жылғы 3 қаңтардан кешiктiрмей

(38-б. 1-т., 3-т.)

22. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Дауыс беру күнiне бес күн қалғанда жергiлiктi уақытпен он сегiз сағатта аяқталады

2021 жылғы 4 қаңтарда саған 18-00-де аяқталады

(20-2-б. 2-т., 4-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерiн учаскелiк сайлау комиссияларына жеткiзу

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлауға дейiнгi үш күннен ерте емес және оған дейiнгi бiр күннен кешiктiрмей

2021 жылғы 7 қаңтардан ерте емес және 9 қаңтардан кешiктiрмей

(37-б. 3-т.)

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерiн ашу және тиiстi хаттама жасау

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Дауыс берудiң басталуына бiр сағат қалғанда

Дауыс берудi бастаудың басқа уақыты белгiленбесе, жергiлiктi уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

25. Дауыс берудi өткiзу

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудiң басқа уақыты белгiленбесе, жергiлiктi уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейiн

(38-б. 1-т.)

26. Сайлау учаскесiнде дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерi туралы хаттама жасау

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудi аяқтаудың басқа уақыты белгiленбесе, жергiлiктi уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

27. Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға iлу

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн — дереу

(43-б. 8-т.)

28. Сайлау учаскелерiнде дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды тиiстi аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына ұсыну

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн  — дереу

(94-б. 1-т.)

29. Сайлау нәтижелерi туралы хаттамаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының сайлау комиссияларына ұсыну

Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн  — дереу

(94-б.)

30. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттамаларды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана сайлау комиссиялары

Сайлау күнiнен бастап екi күндiк мерзiмнен асырмай

2021 жылғы 12 қаңтардан кешiктiрмей

(94-б. 2-т.)

31. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей

2021 жылғы 17 қаңтардан кешiктiрмей

(12-б. 10) т., 44-б. 1-т., 97-б.)

32. Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлаудың қорытындыларын хаттамаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау өткiзiлген күннен бастап он күннен кешiктiрмей

2021 жылғы 20 қаңтардан кешiктiрмей

(12-б. 10) т., 44-б. 4-т. 1) т.)

33. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептердi ұсыну

Саяси партиялар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей

(34-б. 9-т.)

34. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздерi туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн iшiнде

(34-б. 4-т.)

35. Сайланған Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын тiркеу және әрбiр депутатқа куәлiк пен омырауға тағатын белгi тапсыру

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

(12-б. 10) т., 45-б., 46-б. 2-т., 98-б.)

Ескертпе: Күнтiзбелiк жоспардың мәтiнiнде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сiлтемелер берiлдi.

Дата публикации
27 октября 2020