2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған, партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын, Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарының кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың Күнтiзбелiк жоспарын бекiту туралы

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Аршалы кентi № 40/422020 жылғы 22 қазан

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған, партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын, Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарының кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың Күнтiзбелiк жоспарын бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 14 бабы 2, 8 тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 21 қазандағы № 29/335 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың үлгi күнтiзбелiк жоспарын бекiту туралы» қаулысына, Ақмола облыстық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы № 24/105 «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған, партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын, Ақмола облысы мәслихаты депутаттарының кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың Күнтiзбелiк жоспарын бекiту туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған, партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын, Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарының кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың Күнтiзбелiк жоспары бекiтiлсiн.

2.Аршалы кентi және ауылдық округiнiң әкiмдерi Аршалы ауданының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлерiмен бiрге Аршалы аудандық мәслихаты депуттатарын сайлауды өткiзу кезеңiнде аудандағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процессiнiң санитарлық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларын көздесiн.

2. Осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Аршалы аудандық

сайлау комиссиясының төрайымыЕ. Андрух

Аршалы аудандық

сайлау комиссиясының хатшысыС. Акубасова

Дата публикации
27 октября 2020