Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектi сайлауын тағайындау туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы № 439 Жарлығының негiзiнде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған, партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспары бекiтiлген.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалар мен аудандардың әкiмдерi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлерiмен бiрге Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын өткiзу кезеңiнде өңiрлердегi эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесiнiң санитарлық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларын көздесiн.

3. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасының сайлау комиссиялары сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етсiн.

4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

ТөрағаБ. Имашев

Хатшы С. Мұстафина

Дата публикации
27 октября 2020