Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 21 қазандағы № 29/335 қаулысымен бекiтiлген
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының
кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс шаралардың үлгi күнтiзбелiк жоспары
1. Сайлау округтерiн құру және олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн көрсете отырып, сайлау округтерiнiң тiзiмiн тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмнен кешiктiрмей
2020 жылғы 31 қазаннан кешiктiрмей
(14-б., 6) т., 22-б.)
2. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей
2020 жылғы 31 қазаннан кешiктiрмей
(13-б. 4-т.)
3. Сайлау учаскелерiнiң шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Тиiстi әкiмдер
Сайлау тағайындалғаннан кейiн он бес күндiк мерзiмнен кешiктiрмей
2020 жылғы 5 қарашадан кешiктiрмей
(23-б. 5-т.)
4. Учаскелiк сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау тағайындалғаннан кейiн он бес күннен кешiктiрмей
2020 жылғы 5 қарашадан кешiктiрмей
(17-б. 2-т.)
5. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну
Саяси партияның тиiстi филиалы (өкiлдiгi)
Сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып және сайлау тағайындалған кезде белгiленген мерзiмде аяқталады
2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергiлiктi уақытпен сағат он сегiзде аяқталады
(103-б.)
6. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына партиялық тiзiмдi, саяси партияның тиiстi филиалы (өкiлдiгi) жоғары басшы органының партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан үзiндiнi, азаматтардың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге және тiркеу үшiн басқа да қажеттi құжаттарды ұсыну
Саяси партияның тиiстi филиалы (өкiлдiгi)
2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергiлiктi уақытпен сағат 18:00-де аяқталады
(103-б. 3,4, 5-т.)
7. Партиялық тiзiмдерге енгiзiлген мәслихат депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Саяси партия партиялық тiзiмдi ұсынғаннан кейiн басталады
(102-б.)
8. Тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша кiрiстер мен мүлiк туралы декларацияларды ұсыну
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)
Партиялық тiзiм тiркелгенге дейiн
(104-б. 2-т.)
9. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмдерiн тiркеу
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау күнiнен екi ай бұрын басталады және сайлау тағайындалған кезде белгiленген мерзiмде аяқталады
2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергiлiктi уақытпен сағат 18:00-де аяқталады
(104-б.)
10. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмдерiн тiркеу туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Тiркелген күннен бастап бес күндiк мерзiмде
(104-б. 5-т.)
11. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмдерiн тiркеу туралы хабарды жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Партиялық тiзiмдер тiркелгеннен кейiнгi жетiншi күннен кешiктiрмей
(104-б. 6-т. 1-тт.)
12. Партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сенiм бiлдiрiлген адамдарын тiркеу
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Саяси партия сенiм бiлдiрген адамдардың тiзiмiн тапсырғаннан кейiн
(14-б , тт.8), 31-б.)
13. Партиялық тiзiмге енгiзiлген кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен кiрiстерi мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру
Мемлекеттiк кiрiс органдары
Кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде
(104-б. 2-т.)
14. Саяси партиялардың сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Партиялық тiзiм тiркелгеннен кейiн
(34-б. 6-т.)
15. Бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партиялардың арнайы шоттарына қаражаттың түсуi және олардың жұмсалуы туралы есептердi жариялау
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 ҚР ОСК қаулысымен бекiтiлген, ҚР Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 20 тамызда №870 тiркелген Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына сәйкес айына екi рет
16. Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу және оларды жарақтандыру
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Үгiт басталғанға дейiн, 2020 жылғы 10 желтоқсанға
дейiн
(28-б. 6-т.)
17. Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу
Партиялық тiзiмдердi тiркеу мерзiмi аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
2020 жылғы 10 желтоқсанда сағат 18.00-де басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда нөл сағатта аяқталады
(27-б. 2-т.)
18. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесуi үшiн үй-жайлар беру, кандидаттардың және саяси партиялардың сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушылармен бөлiнген үй-жайларда кездесулерiнiң кестесiн жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу кезеңiнде
(28-б. 4-т.)
19. Әрбiр сайлау учаскесi бойынша әкiм қол қойған сайлаушылардың тiзiмдерiн учаскелiк сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну
Тиiстi әкiмдер
Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын
2020 жылғы 21 желтоқсанға дейiн
(26-1 б. 1-т.)
20. Сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тiзiмдерiн танысу үшiн сайлаушыларға ұсыну
Учаскелiк сайлау комиссиялары
Дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда
2020 жылғы 26 желтоқсаннан кешiктiрмей
(26-б. 1-т.)
21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету
Учаскелiк сайлау комиссиялары
Дауыс беру өткiзiлетiн күнге дейiнгi он күннен кешiктiрмей
2020 жылғы 31 желтоқсанға дейiн
(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
22. Жекелеген сайлау учаскелерiнде дауыс берудi бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi сайлаушыларға жеткiзу
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау күнiне дейiнгi жетi күннен кешiктiрмей
2021 жылғы 3 қаңтарға дейiн
(38-б. 1-т., 3-т.)
23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерiн учаскелiк сайлау комиссияларына жеткiзу
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлауға дейiнгi бiр күннен кешiктiрмей
2021 жылғы 7 қаңтардан ерте емес және 9 қаңтарға дейiн
(37-б. 3-т.)
24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерiн ашу және тиiстi хаттама жасау
Учаскелiк сайлау комиссиялары
Дауыс берудiң басталуына бiр сағат қалғанда
Дауыс берудi бастаудың басқа уақыты белгiленбесе,
жергiлiктi уақыт бойынша сағат 06:00-де
(40-б. 1-т.)
25. Дауыс берудi өткiзу
Учаскелiк сайлау комиссиялары
Сайлау күнi егер дауыс берудiң басқа уақыты белгiленбесе, жергiлiктi уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейiн
(38-б. 1-т.)
26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесiнде тиiстi мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамалар жасау
Учаскелiк сайлау комиссиялары
Егер дауыс берудi аяқтаудың басқа уақыты белгiленбесе, жергiлiктi уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады
(18-б. 8) т., 43-б.)
27. Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға iлу
Учаскелiк сайлау комиссиялары
Хаттамаларға қол қойылғаннан кейiн — дереу
(43-б. 8-т.)
28. Сайлау учаскелерiнде дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды тиiстi аудандық, қалалық, қаладағы аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну
Учаскелiк сайлау комиссиялары
Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн — дереу
(108-б. 1-т.)
29. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгiлеу
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау өткеннен кейiн екi күннен кешiктiрмей
2021 жылғы 12 қаңтардан кешiктiрмей
(14-б. 9) т, 44-б. 2-т., 108-б.2,3-т)
30. Жалпы жұрттың танысуы үшiн сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн аумақтық сайлау комиссиясының үй-жайында iлу
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн — дереу
(43-б. 8-1-т.)
31. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау өткеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей
2021 жылғы 15 қаңтардан кешiктiрмей
(111-б. 1-т.)
32. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей
2021 жылғы 17 қаңтардан кешiктiрмей
(14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)
33. Сайланған мәслихаттар депутаттарын тiркеу және әрбiр депутатқа куәлiк пен омырауға тағатын белгi тапсыру
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)
34. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру
Саяси партиялар
Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен
кешiктiрмей
(34-б. 9-т.)
35. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздерi туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн iшiнде
(34-б. 4-т.)
Ескертпе: Күнтiзбелiк жоспардың мәтiнiнде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сiлтемелер берiлдi.