Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін өзектендіру туралы хабарландыру

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін өзектендіру туралы хабарландыру.

Құрметті әлеуметтік кәсіпкерлер Сіздің назарыңызға әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының 3-тармағына сәйкес (2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген) әлеуметтік кәсіпкерлер тізілімі жыл сайын арнаулы комиссияның қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтерді ескере отырып, Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкестігіне өткен күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша өзектендірілетінін жеткізеді.

Осыған байланысты, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері тізілімді өзектендіру мақсатында 2025 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына арнайы комиссияның қарауына дара кәсіпкер немесе заңды тұлға оны Тізілімге енгізу үшін жүгінетін санатқа байланысты осы Қағидалардың 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетілген құжаттарды, өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының осындай адамның өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (құжаттарды сенімхат негізінде әрекет ететін өтініш берушінің өкілі берген жағдайда), дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді ұсынуы қажет.

Толығырақ ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат, каб. 404, тел. 8(7162) 24-00-08, 24-00-13, 24-00-15, (басқарманың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлімі).

 

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін өзектендіру туралы хабарландыру
Дата публикации
28 февраля 2025