«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Аршалы ауданының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы есебі
1. Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: "Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ қызметі туралы есепте.
2.Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтініші жоқ жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
"Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ тоғыз Мемлекеттік қызмет көрсетеді:
"Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану", қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде;
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу мен кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы", қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде;
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру", қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде;
"Тұрғын үй сертификаттарын беру", қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде;
"Ауданаралық (қалааралық облысішілік) ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау", қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде;
"Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту", қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде;
"Облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу", қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде;
"Ағаштарды кесуге рұқсат беру", қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде;
"Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру", қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық немесе қағаз түрінде.
3. Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
1) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер: бұл "мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу мен кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы".
4. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты стендтен алуға болады. Аршалы ауданы әкімінің сайтында, Instagram бөлім бетінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Бөлімнің қызметі туралы есептер көпшілік талқылау үшін аудан әкімінің Instagram парақшасында және сайтта орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, пікір қалдыра алады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
"Instagram" әлеуметтік желісінде Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі туралы 29 мақала жарияланды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг нәтижелері.
Бөлім басшысының
міндетін атқарушы Е.М.Жолымбетов