Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 2/2 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 2/2 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 2/2 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8332 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

қазақ тіліндегі тақырыпқа өзгерістер енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:

 4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Аршалы ауданы әкімдігінің «Аршалы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы Анар станциясының ауылдық клубы ғимаратының қасында орналасқан алаң, Анар ауылдық округі, Анар станциясы, Ж.А. Тәшенов көшесі, 18.»;

5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Анар ауылдық округі, Анар станциясы, Ж.А. Тәшенов көшесі бойымен.»;

14 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«14.Аршалы ауданы әкімдігінің «Аршалы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Елтоқ ауылының ауылдық клубы ғимаратының қасында орналасқан алаң, Елтоқ ауылдық округі, Елтоқ ауылы, Центральная көшесі, 3.»;

15 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«15. Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Елтоқ ауылдық округі, Елтоқ ауылы, Достық көшесі бойымен Центральная көшесіне дейін.»;

17 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«17.Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы ауылы, М. Мәметова және Сары Арқа көшелерінің қиылысынан Құрылыс шағын ауданына дейін.»;

көрсетілген шешімнің 2 қосымшасында:

4-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«4) Аршалы ауданы әкімдігінің «Аршалы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы Анар станциясының ауылдық клубы ғимаратының қасында орналасқан алаң, Анар ауылдық округі, Анар станциясы, Ж.А. Тәшенов көшесі, 18, шекті толу нормасы 30 адам;»;

4тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«5) бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Анар ауылдық округі, Анар станциясы, Ж.А. Тәшенов көшесі бойымен, шекті толу нормасы 30 адам;»;

4 тармақтың 14) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«14) Аршалы ауданы әкімдігінің «Аршалы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Елтоқ ауылының ауылдық клубы ғимаратының қасында орналасқан алаң, Елтоқ ауылдық округі, Елтоқ ауылы, Центральная көшесі, 3, шекті толу нормасы 30 адам;»;

4 тармақтың 15) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«15) бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Елтоқ ауылдық округі, Елтоқ ауылы, Достық көшесі бойымен Центральная көшесіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;»;

4 тармақтың 17) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«17) бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы ауылы, М. Мәметова және Сары Арқа көшелерінің қиылысынан Құрылыс шағын ауданына дейін, шекті толу нормасы 40 адам;».

2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

 

 

Аты-жөні

 

 

Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 2/2 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
25 февраля 2025