«Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметтері туралы есеп

 

«Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы

қызметтері туралы есеп

  

                                                                                     Аршалы к. 2025 ж. «24» ақпан

 

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің және  мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімін көтеруінің маңызды құбылысы.

«Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бір мемлекеттік қызмет көрсетеді – «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну», қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызметті көрсету формасы электронды немесе қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңын,  Қазахстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» қаулысын және мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттарын және реттемелерін басшылыққа алады.

Мемлекет ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік ұйымдарда  жұмыс жасау үшін көмектесуге дайын. Мамандар түсінігіне жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының; орта білімнен кейін - денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары бойынша бітірушілер, сондай-ақ ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері түсініледі. Сондай-ақ, мемлекет көмек көрсетуге дайын мамандардың қатарына көрсетілген білімдері бар, қалаларда немесе басқа елді мекендерде тұратын және ауылдық елді мекендерде тұруға және жұмыс істеуге тілек білдірген тұлғалар (оқу орындарын бітіргендер ғана емес) жатады. Осылайша,  денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешендердің салаларының мамандары, сондай-ақ ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы және

-ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін АЕК 2500 мөлшерінен аспайтын сомада;

-ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін АЕК 2000 мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит алуға үміткер бола алады.                           

2024 жылы экономика және қаржы бөлімімен 254 маманға мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде 50 маман көтерме жәрдемақы алды (білім – 36 маман, денсаулық сақтау – 11, мәдениет -2, мемлекеттік қызмет-1), 28 маман (білім – 18 маман, денсаулық сақтау – 6, мәдениет– 2, спорт -1, мемлекеттік қызмет-1) баспана сатып алуға кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алды. Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының  14 тармағына сәйкес 117 маман кезекке қойылды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бас тарту жағдайы болған жоқ.

 «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі, регламенті және мемлекеттік қызмет көрсету стандарты орналастырылған стенд бар.

2024 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейін мерзімде мемлекеттік  қызмет алушылардан  «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және қоғамдық мониторингін жүргізу келесі қағидаттармен негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтік;

3) турашылдық;

4) дұрыстық;

 «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Аршалы к., Тәшенев көшесі, 47 үй бойынша орналасқан. Байланыс телефондары 8(716-44)2-16-43, 8(716-44) 2-15-63.

Одан басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, кеңес беруді және мемлекеттік қызмет көрсетуді бөлім мамандары жүргізеді.

 

 

Экономика және қаржы

бөлімінің  басшысы                                                                            Т.Ниевина

 

«Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметтері туралы есеп
Дата публикации
25 февраля 2025