Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Аршалы кентi № 38/392020 жылғы 21 қазан
Константинов ауылдық округi әкiмiнiң шығып қалғанның орнына сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 36-1 бабы 2 тармақтың 4) тармақшасына, 10 тармағына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.Константинов ауылдық округi әкiмiнiң шығып қалғанның орнына сайлауы 2020 жылғы 30 қараша сағат 10.00-ге (Аршалы кентi, Тәшенов көшесi, 47, мәжiлiс залы) тағайындалсын.
2.Константинов ауылдық округi әкiмiнiң шығып қалғанның орнына сайлауын дайындау және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың Күнтiзбелiк жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
3.Әкiмге кандидаттарды ұсыну 2020 жылғы 31 қазанда басталады және 2020 жылғы 04 қарашада аяқталады.
4.Әкiмге кандидаттарды тiркеу барлық тиiстi құжаттарды ұсынғаннан кейiн басталады және 2020 жылдың 15 қарашада аяқталады.
5.Осы қаулы Аршалы ауданының әкiмi аппаратына және облыстық сайлау комиссиясына жiберiлсiн.
6.Осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Аршалы аудандық
сайлау комиссиясының төрайымыЕ. Андрух
Аршалы аудандық
сайлау комиссиясының хатшысыС. Акубасова
