БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

 

Аршалы ауданында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Аршалы ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы

 

 

            «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы ауданында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Аршалы ауданы азаматтарының келесі санаттарына тегін жолақы түрінде жеңілдік белгіленсін:          жасына байланысты зейнеткерлерге;

          Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға;

          2, 3 топтағы мүгедек адамдарға;

          мүгедек балаларға;

          мүгедек балалардың ата-аналарының біріне (заңды өкіліне);

          кәмелетке толмаған бірге тұратын төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға (заңды өкілдерінің біріне);

          көп балалы отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға.

  1. Осы бірлескен Аршалы ауданы әкімдігінің қаулысы және Аршалы аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

Аршалы ауданында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Аршалы ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы
Дата публикации
06 февраля 2025