Бүкіләлемдік сайлау күні
2005 жылы Будапештте өткен сайлау әкімшілерінің III Жаһандық конференциясында Бүкіләлемдік сайлау күнін ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі бекітілді. Конференцияның шешімі сайлауды ұйымдастырушылардың жұмысының маңыздылығын мойындауда жаңа перспективалар ашты және Біріккен Ұлттар Ұйымының Демократия қоры қолдады. Құрылтайшылардың айтуынша, бұл күні азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету және сайлау үдерістерін жетілдіру мәселелеріне барлық назар аударылуы тиіс.
Мереке азаматтардың сайлауға қатысудың жалпыға бірдей құқығын білдіреді және демократиялық азаматтық құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуді білдіреді, азаматтардың сайлауға қатысуға ортақ құқығын еске салады, сондай-ақ әлемдік демократия процесін нығайтуға, алғаш рет сайлаушылардың, жастардың сайлау туралы білімдерін кеңейтуге және сайлаушылардың дауыс беруге қатысуына жәрдемдесуге бағытталған.
Аршалы тұрғындарының сайлау мәдениетін арттыруға қоғам назарын аудару мақсатында ауданда Бүкіләлемдік сайлау күні аясында жастар арасында түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған: пікірсайыстар, дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері, жоғары сынып оқушыларына арналған сынып сағаттары, көрмелер, түрлі конкурстар, олимпиадалар мен викториналар.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы ауданның барлық азаматтарын осы мерекемен құттықтап, біздің қоғамның әрдайым демократияландыру және демократиялық құндылықтар жолынан өтуін тілейді, сайлау күшті азаматтық қоғаммен заң үстемдігіне негізделген демократиялық мемлекеттің ажырамас атрибуты болып табылатынын түсінеді.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы