Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi
мемлекеттiк қызметшiлердiң
әдеп стандарттарының
ЖАДНАМАСЫ
Астана — 2016
Құрметтi әрiптестер!
Әрбiр мемлекеттiк қызметшi қызметтiк әдептi сақтау үшiн барлық қажеттi шараларды қолдануы тиiс, ал қоғам мемлекеттiк қызметшiнi өз күш-жiгерiн, бiлiмiн және атқарып отырған кәсiби қызметiндегi тәжiрибесiн сала отырып, құмарлықпен және адал өз Отанына — Қазақстан Республикасына қызмет ететiндiгiне сенуi қажет.
Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк әдеп жөнiнде ненi бiлу керек?
Мемлекеттiк қызметтiң негiзгi қағидалары:
-заңдылық;
-Қазақстандық патриотизм;
-азаматтың құқықтары, бостандығы мен заңды мүддесiнiң мемлекет алдындағы басымдығы;
-лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
-мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiпқойлығы;
-әдептiлiк;
-құқық бұзушылықтарға төзбеушiлiк.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң орындауы тиiс негiзгi әдептiлiк талаптары:
-жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына негiзделген мемлекеттiк қызметтiң әдеп нормалаларының негiзi мен қағидаларын сақтауға;
-мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлық қаупiн тудыруға қарсы iс-қимыл жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге;
- егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, жоғары тұрған басшыға, өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның басшылығына, уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
-«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Заңымен көзделген мiндеттердi атқаруға, тыйым салған және шектердi сақтауға;
-мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн терiс қылықтарды жасамауға;
-мүдделер қақтығысын болғызбауға және реттеу жөнiндегi шараларды қабылдауға;
-егер мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымдық мiндеттерiн орындамауға;
-қызметтiк функцияны атқаруға қатысты тиiмдi, нәтижелi, ашықтық тәсiлдердi iздеуге және пайдалануға;
-Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiне құрметпен қараудың үлгiсi болуға;
-өзiне бағынысты мемлекеттiк қызметшiлерден лауазымдық өкiлеттiктерi шеңберiнен шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпеуге;
-қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалана отырып өзiне және отбасы мүшелерiне игiлiктер және артықшылықтар алмауға;
-лауазымдық мiндеттерiн пайдакүнемдiк және өзге де жеке мүдделерi үшiн пайдаланбауға;
-пара немесе параға жақын құқық бұзушылыққа жататын құқық бұзушылықтарды жасамауға;
-қызметте жалпы қамқорлық немесе қызмет бабында кетушiлiкке жол бермеуге;
-мемлекеттiк қызметке кiру және мемлекеттiк қызмет бабында iлгерiлету кезiнде заңда көзделмеген артықшылықтар бермеуге;
-шешiмдердi дайындау мен қабылдау кезiнде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетпеуге;
-қызметтiк тәртiптi сақтауға, басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн уақытылы орындауға;
-қызметтiк ақпаратты жарияламауға, оның iшiнде әдеуметтiк желiлер арқылы;
-Қазақстанда тұратын барлық ұлттың салт-дәстүрлерiн, ғұрыптарын және тiлдерiн құрметтеуге;
-өз өкiлеттiгiн атқара отырып жеке және заңды тұлғалардың қызметтерiн жеке мүддесi үшiн пайдаланбауға;
-әрiптестерiмен және азаматтармен iскерлiк әдептi және ресми мiнез-құлық қағидаларын сақтауға;
-қызметтен тыс уақыттағы мiнез-құлық стандарттарын сақтауға, қоғамға жат мiнез-құлық жағдайларына жол бермеуге;
-әрiптестерiне өз дiни көзқарасын ашық көрсетпеуге, бағынысты қызметшiлердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметiне қатысуға мәжбүрлемеуге;
-сырт келбетi iскерлiкпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленуге;
-сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн жасады деп көпшiлiк алдында негiзсiз айып тағылған жағдайда оны терiске шығару жөнiнде шаралар қолдануға;
-көпшiлiк алдында сөйлеумен байланысты мiнез-құлық стандарттарын сақтауға;
-мемлекеттiк қызметтiң беделiне нұқсан келтiрмей, пiкiр-сайысты сыпайы нысанда жүргiзуi тиiс.
Қызметтiк әдеп нормаларын қолдануда талас туындаған жағдайда Сiз мемлекеттiк органның әдеп жөнiндегi уәкiлiне (ол жөнiнде ақпарат мемлекеттiк органның интернет-ресурсында және мемлекеттiк органның ғимаратында баршаға көрiнетiндей жерде орналастырылған) және Агенттiкке 8 (717) 275-34-12 телефоны арқылы немесе оның аумақтық құрылымдарына шағымдана аласыз.
Құрметтi әрiптестер!
Қызметтiк әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлi құқық бұзушылықтар мен терiс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртiптiк шара қолдануға алып келедi.
Мемлекеттiк қызметшiлермен әдеп нормаларын мiнсiз сақтау қызметтегi бағалауда және iлгерiлеуде оң әсерiн тигiзедi.