2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған №3 және №11 бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Аршалы аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу туралы

2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған №3 және №11 бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Аршалы аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1-тармақтарына және 101-бабының 6-тармағына сәйкес және «Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысының негізінде, Аршалы аудандық сайлау комиссиясы «№№3,11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына Аршалы ауданы мәслихатының депутатарын сайлауды тағайындау туралы» а.ж. 11 қазандағы қаулы қабылдады, жоғарыда айтылғандардың негізінде депутаттарды сайлау, шығып қалғандардың орнына 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалды.

Сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге 1 аумақтық, 2 округтік және 5 учаскелік комиссия қатысады. Барлығы 42 комиссия мүшесі, оның ішінде 7АСК мүшесі, 10ОСК мүшесі, 25 УСК мүшесі.

Екі СО бойынша ұсыну кезеңінде 9 кандидат ұсынылды: №3 сайлау округі бойынша – 4 адам, №11 сайлау округі бойынша – 5 адам.

Сайлау бюллетеньдеріне 4 кандидатенгізілді, оның ішінде №3 сайлау округі бойынша 2 кандидат, №11 сайлау округі бойынша 2 кандидат.

13 қарашада сағат 18.00-ден кейін кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын бастады, ол 6 желтоқсанды қоса алғанда жалғасады.

17 қарашадағы жағдай бойынша екі сайлау округі бойынша сайлаушылар саны 4 334 адамды құрайды.

Мүгедектігі бар адамдарсаны 26 адамды құрайды (2 СО), оның ішінде 10 адам кресло-арбаларды пайдаланады, 8 адам көру қабілеті нашар, оның ішінде 3 соқыр және 5 көру қабілеті нашар, 8 адам есту қабілеті нашар.

Комиссиялардың жұмысы бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіледі.

2024 жылғы 22 қазанда Аршалы кентінің жастар орталығында Ақмола облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен «2024 жылғы 8 желтоқсанда шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу мәселелері» атты оқыту семинары өтті, оған алдағы сайлауды өткізуге тартылған сайлау комиссияларының барлық мүшелері қатысты.

Барлық қажетті ақпарат аудандық «Вперед» және «Аршалы айнасы» газеттерінде, сондай-ақ Аршалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Интернет парақшасында Аршалы ауданы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

 

         Аршалы аудандық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған №3 және №11 бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Аршалы аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу туралы
Дата публикации
02 декабря 2024