«Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

1. «Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi аппараты» мемлекеттiк мекемесi (әрi — мемлекеттiк мекеме) тиiстi аумақтардың мүдделерiмен және дамутудың қажеттiлiктерiмен тiркесiп, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қаматамасыз етедi және аудан әкiмнiң ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Мемлекеттiк мекеме Конституцияға және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенттiнiң және Үкiметтiң актiлерiне, басқа да нормативтi құқықтық актiлерге және осы ережеге сәйкес өз қызметiн жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Мемлекеттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Мемлекеттiк мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Мемлекеттiк мекеме өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдермен өкiмдер қабылдайды.

7. Мемлекеттiк мекеме құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы: инд. 020200, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кентi, Тәшенов көшесi, 47.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы — «Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi аппараты» Мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже мемлекеттiк мекеменiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. Мемлекеттiк мекеме қызметiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (шығын сметасынан) жүзеге асырылады.

12 Мемлекеттiк мекеме кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Аршалы ауданы әкiмi аппаратының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер мемлекеттiк мекеме заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. Мемлекеттiк мекеменiң миссиясы:

тиiстi аумақтардың мүдделерiмен және дамутудың қажеттiлiктерiмен тiркесiп, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қаматамасыз ету.

14. Мiндеттерi:

Аудан әкiмi және оның орынбасарлары қызметтерiн ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.

15. Функциялары:

- Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк суверенитетiн, конституциялық құрылымын қорғау және нығайту, азаматтардың құқығын және бостандығын қамтамасыз ету жөнiндегi өмiрлiк саясатыты жүргiзу;

- Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулыларын, облыс, әкiмдiк және облыс және аудан әкiмдерiнiң шешiмдерiн жүзеге асыру;

- ауданның әлеуметтiк — экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру, экономикалық реформаны жүзеге асыруға бастамашылық ету, жетiлдiру әдiстерiн жүзеге асыру;

- аудан әкiмiнiң қатынасуымен шешуге жататын, ерекше проблемаларды анықтау, атқарушы үкiмет органдарының жұмыстарына жүйелiк және объективтi талдау өткiзу;

- жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретiне жататын, мәселелердi шешуде Аршалы кентi, ауылдық және селолық округтерi әкiмдерiнiң қызметтерiн үйлестiру, олардың жұмыстарының стилi мен әдiстерiн жетiлдiру, дербестiгiн көтеру;

- ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму проблемаларын талдау, саяси және әлеуметтiк — экономикалық процесстердi зерттеу, тиiстi ұсыныстар мен нұсқаулар дайындау;

- аудан әкiмiнiң аудандық мәслихатпен, мемлекеттiк басқару органдармен, олардың қоғамдық мәдени, дiни қозғалыстармен байланысына өзара әрекеттерiн қамтамасыз ету;

- мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн және қоғамдық тәртiптi нығайту бойынша шараларды жүзеге асыру, конституциялық құқықтың және мiндеттердiң жүргiзiлуiне бақылау жасау, құқық тәртiбi заңнамаларын қамтамасыз ету мәселелерiнде жан-жақты көмек көрсету;

- мемлекеттiк органдарда кадрлық саясат саласында Қазақстан Республикасы Президентiнiң курсын өткiзудi қамтамасыз ету, облыс және аудан әкiмдерiнiң номенклатурасына кiрген кадрлық резервтердi қалыптастыру, олардың лауазымға тағайындалуы және лауазымдық қызметтен босатылу кезiнде материалдарды ресiмдеу, осы санаттағы кадрлардың оқуын және қайта дайындалуын ұйымдастыру;

- қызметтiк құжаттарды, хаттарды және өтiнiштердi, жеке және заңды тұлғалар ұсыныстарын қарап шығу, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымына талдау және тексеру;

- жұмыстар стилi мен әдiстерiн жақсарту, iсқағаздары ережелерiн сақтау, мемлекеттiк және орыс тiлiнде қолдануға бағытталған шараларды өңдеу және жүргiзу;

- аудан әкiмiне және оның орынбасарларына ақпараттық және аналитикалық сипаттағы құжаттарды дайындау;

- аудан әкiмi отырыстарынна ұйымдастыру — техникалық дайындық және ақпараттық қамтамасыз ету;

- бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкiмi және оның орынбасарлары, аппарат қызметкерлерiнiң қызметтерiн жарақтандыру қамтамасыз ету;

- аудан әкiмi қызметтерiнде қаржы — шаруашылық және әлеуметтiк — техникалық қамтамасыз ету;

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

- мемлекеттiк органдардан, қала, ауылдық округтерi әкiмдерiнен ақпарат алу, сол сияқты оларға орындауға тапсырыс беру;

- кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және барлық меншiктерден қажеттi ақпараттарға, қажеттi құжаттар немесе өзге материалдарға, қызықтыратын сауалдарға ауызша, жазбаша түсiнiктемелерге сұраныс жасау және алу;

- Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының, әкiмдiктiң және облыс және аудан әкiмдерiнiң шешiмдерiнiң орындалуына тексерiс жүргiзу;

- кез-келген құпия, ақпараттық, мемлекеттiк органдарда бар өкiмдердi қолдану;

- мемлекеттiк көлiк құралдары, байланыс және қатынас жүйелерiн қолдану;

- жұмысқа құқық қорғау, қаржы, салық және де басқа мемлекеттiк органдар өкiл мамандарын, сол сияқты шарт негiзiнде шақыру;

- қала, ауылдық округтерi әкiмдерiнiң, аудандық басқарма, кәсiпорын, кеңсе, ұйым басшыларының мiндеттерiнен босатылуына және жауапкершiлiк тәртiптi орындауына, қызметке тағайындалуларына, сол сияқты оларға тәртiптiк жазаның салынуына аудан әкiмiне ұсыныс жасау;

- мемлекеттiк билiк органдарының қызмет құрылымын жетiлдiру жөнiнде аудан әкiмiне ұсыныс жасау;

- басқару кеңестерiнде, кәсiпорын және ұйым жиналыстарына қатысу;

- аудан әкiмiнiң аппаратымен жүргiзiлуiне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасуды жүргiзу;

- басқарма, бөлiм қызметкерлерiн, қала, ауыл округтерi әкiмдерiн, кәсiпорын, кеңсе, ұйым, мекеме өкiлдерiн әкiмдiкпен және аудан әкiмiмен қаралатын шешiмдерге қатыстыру;

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. Мемлекеттiк мекеме басшылық ету аппарат басшысымен жүзеге асырылады, ол аудан әкiмi аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз қызметтерiн жүзеге асыруға дербес жауапкершiлiктi атқарады.

18. Аршалы ауданы әкiмi аппаратының басшысы аудан әкiмiмен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

19. Аршалы ауданы әкiмi аппаратының басшысы:

- аудан әкiмiнiң аппараты туралы, аудан әкiмi алқасының ережелерiн, аппарат лауазымды қызметкерлерiнiң жауапты нұсқауларын, құрылым бөлiмшелерiнiң ережелерiн, аппараттың штаттық санының құрылымын әзiрлейдi, сондай-ақ аппарат қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына үстемақы жасауға ұсыныс жасайды;

- аудан әкiмiнiң қызметтерiн қамтамасыз етуге аппараттың бөлiмдерi және басқа да құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын үйлестiредi және бағыттайды;

- аудан әкiмiнiң аппаратының қызметкерлерiн лауазымынан босату және тағайындау, тәртiптiк жаза салу, моралдық және материалдық марапаттау туралы ұсыныс енгiзедi;

- өзiнiң құзыретi шегiнде қызметтiк хат-хабарларға қол қояды;

- жоғары тұрған органдардың орындалуы және сақталуы үшiн бақылау бойынша аудан әкiмi аппаратының жұмысын үйлестiредi;

- аудан әкiмi аппаратында мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың

орындалуын қамтамасыз етедi;

- iшкi еңбек тәртiбi ережесiн бекiтедi;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету үшiн жеке жауапкершiлiктi атқарады;

Аудан әкiмi аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

20. Мемлекеттiк мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ

өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

21. Мемлекеттiк мекеменiң бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

23. Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Аршалы ауданы әкiмi
аппаратының басшысы Балташев Ә.

Дата публикации
12 октября 2020