ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 17 қарашада Аршалы ауданы Константинов ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Аршалы ауданы Константиновауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Константинов сайлау округі
Константинов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1 116 азамат енгізілді, олардың 748 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 24, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар –91.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Баймағамбетов А.Д. – 65; Қажетов А.Қ. – 23; Шедербеков Қ.А. – 545.
1973 жылы туған, Аршалы ауданы Константинов ауылдық округінің әкімі Қайрат Айтмағамбетұлы ШедербековКонстантинов ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Константиновка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ҚБ ұсынған.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы