Ақпараттық хабар
2024 жылғы 8 желтоқсанға Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауы тағайындалуына байланысты №3 және №11 бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Аршалы аудандық "Вперед" және "Аршалы айнасы" газеттерінің редакциялары аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін баспа алаңын ұсынады. Өзінің үгіт материалдарын жариялау үшін депутаттыққа тіркелген кандидаттар және олардың сенім білдірілген адамдары редакцияға жазбаша түрде өтініш береді. Өтініште тіркеу нөмірін, күнін, уақытын, кандидаттың немесе оның сенімді тұлғасының Т.А. Ә. көрсету қажет. "Вперед" және "Аршалы айнасы" газеттерімен келісім жасалады. Өзімен бірге жеке куәлік және кандидат куәлігі болуы қажет. Материалдар дайын баспа түрінде (әр парақта кандидаттың немесе оның сенімді тұлғасының қолымен) және электрондық жеткізгіште ұсынылады. Аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидаттардың сайлау алдындағы материалдары келіп түсу тәртібіне және "Вперед" және "Аршалы айнасы" газеттерімен жасалған шарттарда белгіленген күндерге сәйкес 100% алдын ала төленгеннен кейін жарияланады. Мазмұны "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңның талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін "Вперед" және "Аршалы айнасы" газеттеріндегі газет алаңының бір шаршы сантиметрінің құны 400 теңге.