Константинов ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау және өткізу туралы

Константинов ауылдық округінің әкімін
сайлауын дайындау және өткізу туралы


Аршалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 9 қазандағы №61/32 қаулысымен а.ж. 17 қарашаға Константинов ауылдық округінің әкімін кезекті сайлауы тағайындалды. Константинов ауылдық округінің шекарасында Константинов сайлау округі құрылды. Константинов ауылдық округінің әкімін кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
Үміткерлерді ұсыну 10 қазанда басталып, 2024 жылдың 22 қазанда сағат 18.00-де аяқталды. Көрсетілген кезеңде өзін-өзі ұсыну тәртібімен 5 кандидат ұсынылды.
Сайлау бюллетеніне әкімге 3 кандидат енгізілді.
Сайлау науқаны ағымдағы жылдың 27 қазанда сағат 18.00-ден кейін басталып, 16 қарашада жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Сайлауды ұйымдастырушылар №№142, 143, 144 учаскелік сайлау комиссиялары болып табылады, олар Константиновка, Белоярка, Шортанды ауылдарында орналасқан.
Қазіргі уақытта учаскелік комиссиялар жұмысқа кірісті, сайлау учаскелері мен ақпараттық стендтер ресімделді, онда алдағы сайлау, тіркелген кандидаттар туралы ақпарат орналастырылды. Константинов ауылдық округінің аумағында өткізілетін сайлау туралы ақпараты бар үш ақпараттық баннер орналастырылған.
Константинов ауылдық округінің сайлаушылары 1 қарашадан бастап сайлаушылар тізімімен таныса алады, барлық сұрақтар бойынша Константинов ауылдық округінің сайлау учаскелеріне және Аршалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясына жүгінуге болады.
Барлық қажетті ақпарат аудандық «Вперед» және «Аршалы айнасы» газеттерінде, сондай-ақ Аршалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Интернет парақшасында Аршалы ауданы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

Аршалы аудандық сайлау комиссиясы

Константинов ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау және өткізу туралы
Дата публикации
06 ноября 2024