Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылар тізбесі

2024 жылдың 17 қарашаға Константинов ауылдық округінің әкімін кезекті  сайлауы тағайындалуына байланысты Аршалы аудандық «Вперёд» және «Аршалы айнасы» газеттерінің редакциясы баспа алаңын ұсынады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес, «Вперёд» және «Аршалы айнасы» газеттерінде орыс және мемлекеттік тілдерде 1 шаршы см. 400 (төрт жүз) теңгені құрайды. ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, 28-баптың 3-тармағы «Мемлекет кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларымен сөйлесу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді. Үміткерлердің бұқаралық ақпарат құралдарына шығу кезегі жазбаша өтініштерді қабылдау тәртібімен немесе егер өтінімдер бір уақытта қабылданған болса, жеребе бойынша белгіленеді».

Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.

 

Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылар тізбесі
Дата публикации
29 октября 2024