2024 жылғы 17 қарашаға тағайындалған Аршалы ауданы Константинов ауылдық округінің әкімдеріне сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы хабарлама
2024 жылғы 15-20 тамыз аралығында Аршалы аудандық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабының 1-тармағына сәйкес 5 кандидаттан құжаттар келіп түсті, оның ішінде өзін – өзі ұсыну жолымен ұсынылған -4; партиядан-1; кері қайтарып алынған өтініштер -1.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы Аршалы ауданының Константин ауылдық округінің әкімдеріне сайлауға кандидаттардың оларға қойылатын талаптарға "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, Мемлекеттік қызмет туралы заңмен тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейтін болады.
2024 жылғы 17 қарашаға тағайындалған Аршалы ауданы Константин ауылдық округінің әкімдеріне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 10 қазаннан бастап ағымдағы жылғы 22 қазанға дейінгі кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы