Аршалы ауданы Константинов ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын тағайындау туралы

9       қазан         2024 жылы                                                       61/32         

 

 

Аршалы ауданы Константинов ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңның 14 бабы 8-1) тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Аршалы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аршалы ауданында 2024 жылғы 17 қарашаға – Константинов ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 17 қарашаға тағайындалған Аршалы ауданының Константинов ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. АСК мүшелерінің демалыс және мереке күндеріндегі кезекшілік кестесі (қоса беріліп отыр) 2024 жылғы 9 қазан мен 2024 жылғы 17 қараша аралығындағы кезеңде бекітілсін.
  4. Осы қаулы Аршалы аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Аршалы айнасы» және «Вперед» газеттерінде жариялансын.

 

 

Аршалы аудандық

сайлау комиссиясының төрайымы                                         С. Акубасова

 

Аршалы аудандық

сайлау комиссиясының хатшысы                                  К. Граф

Аршалы ауданы Константинов ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
09 октября 2024