Аршалы ауданы
«Елтоқ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Елтоқ ауылдық әкімі аппаратының есебіне «Елтоқ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілді.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік қызмет - қызмет алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бір;
- мемлекеттік қызмет саны: ауылдық округ әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі.
- Қазақстан Республикасының 15 сәуір 2013 жылғы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 24 бабының негізінде мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 17 құрады: электрондық түрде-15 (ЭҮП ақпараттық жүйелер); - көрсетілетін қызметті беруші арқылы - 2 қызмет.
Елтоқ ауылдық округі әкімінің аппаратында «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 269 электрондық қызмет көрсетілді.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: Елтоқ ауылдық округі әкімі аппаратының стендінде, әкім аппаратының телефоны бойынша алуға болады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Көпшілік талқылау үшін мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер аудан әкімінің сайтында және Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында мемлекеттік органның әлеуметтік желілерінде түсіндіру материалдары тұрақты негізде жарияланып тұрады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Мемлекеттік қызмет алушылардан «Елтоқ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, «сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
Елтоқ ауылдық округінің әкімі Т. Кыдырбаева