«Анар ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдары қызметінің
2023 жылға есебі
1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Аршалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде. Есепке ауданның жергілікті атқарушы органдары, Аршалы кенті және ауылдық округтер әкімдері, мектеп және мектепке дейінгі мекемелер көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 190 құрады: - электрондық түрде - 58 (ЭҮП Ақпараттық жүйелер).
Анар ауылдық округі әкімінің аппаратында "E-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 132 электрондық қызмет көрсетілді.
3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу); Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; Жер учаскесін алуға кезекке қою.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Анар ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан стендте орналасқан, Аршалы ауданы әкімінің сайтында www.gov.kz, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
"Анар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметі туралы есеп көпшілік талқылау үшін аудан әкімінің сайтында және Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Осыған байланысты, 2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыру мақсатында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп пилоттық режимде әлеуметтік қызметтер порталы арқылы әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 2020 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Анар ауылдық округінің әкімі Б. Мұсабеков