2023 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында «Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің іс әрекеті туралы ЕСЕП

2023 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында

«Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің

іс әрекеті туралы

ЕСЕП

 

Ақбұлақ ауылы                                                                                    16.02.2024 ж.

 

     «Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Байланыс ақпараты: Аршалы ауданы, Ақбұлақ ауылы, Достық көшесі-54, телефоны: 8 716 44 2 43 34. Қабылдау демалыс және мерекелік күндерден басқа, жұмыс күндерде: сағат  9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.

 
           Мемлекеттік қызметтер келесі басты қағидаттар негізінде көрсетіледі:

 

  • қызмет алушыларға ататегі, әлеуметті, қызметтік және мүліктік жағдайы, жынысы,

нәсіл, ұлт, тіл, дінге қатынасы, пікір, тұратын жері немесе басқа жағдайларының себептері бойынша ешқандай кемсітушіліксіз тең мүмкіндіктер;

  • мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде кеңсешілдік, кешіктірушілік көрсетуге жол бермеу;
  • мемлекеттік қызметтерін көрсету саласында есеп берушілік және айқындық;

     -    мемлекеттік қызметтердің сапасы және қол жетімділігі;

  • мемлекеттік қызметтерін көрсету үдерісін тұрақты жетілдіру;

     -    мемлекеттік қызметтерін көрсету арқылы үнемділігі және нәтижелілігі;

 

Мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтерінің келесі түрлерін көрсетті:

 

  1. Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке беру;

 

  1. Елді мекеннің шегінде объекттің құрылысы үшін жер телімін беру;

 

  1. Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешімін беру;

 

 

  1. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

      

  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

6.Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

 

     Ауылдық округінде өзіңе-өзі қызмет көрсету  бұрышы орнатылды.

ЭҮП (өз-өзіңе қызмет ету «Egov» бұрышы) арқылы 124 қызмет көрсетілді, о.і.:

 

- «Наркология » Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну –    

    9 қызмет;

     -  « Психиатрия » Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну   

        – 9 қызмет; 

  • медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту – 1 қызмет;
  • соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама – 16 қызмет;
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер – 4 қызмет;
  • зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу – 33 қызмет;
  • некені тіркеуге электрондык өтініш беру – 1 қызмет;
  • «Фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну – 5 қызмет;
  • занды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер – 3 қызмет;
  • адамдардың әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер – 3 қызмет;
  • зейнетақы жинақтары туралы анықтама беру – 6 қызмет;
  • әлеуметтік аударымдары туралы анықтама алу -1 қызмет;
  • БЖЗҚ зейнетақы аудармалар туралы ақпарат – 2 қызмет;
  • Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау – 2 қызмет;
  • Адамның сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы мәліметтер беру – 2 қызмет;
  • Дербес несие есебін алу – 4 қызмет;
  • Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру – 11 қызмет;
  • 14 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу – 1 қызмет;
  • Салық есептілігін кері қайтарып алу – 1 қызмет;
  • Мұрағаттық анықтама алу – 3 қызмет;
  • Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу – 1 қызмет;
  • Мүгедектікті растау туралы ақпарат алу – 2 қызмет;
  • Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу – 3 қызмет;
  • Жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау туралы анықтама – 1 қызмет;
  • Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу – 1 қызмет;
  • Жылжымайтын мүлік мекенжайын айқындау бойынша анықтама – 1 қызмет;
  • Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе төлнұсқаны беру – 3 қызмет;
  • Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою – 1 қызмет;
  • Бала тууға және бала бір жасқа толғанға дейін оны күтуге жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу – 1 қызмет;

 

  • Жер телімін нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру – 1 қызмет;

     -   Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін                                                                      мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу туралы шешім беру – 10 қызмет;

 - Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алудан бас тарту туралы шешім беру – 5 қызмет;

  • Жер уческесінің жалдау мерзімін ұзарту туралы шешім беру – 2 қызмет;
  • Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату – 2 қызмет.
  • Жер уческесінің жалдау мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім беру – 1 қызмет;
  • Кент, аулдың жерінен жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім беру – 1 қызмет;

 

2023 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің  жалпы саны – 145.

 

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 48 азамат.

 

Мемлекеттік қызметтерін көрсету қалпы – қағаз, электрондық.

 

Мемлекеттік қызметтерін көрсету туралы толық ақпараты Ақбұлақ ауылдық округінің әкім аппаратының ғимаратында орналасқан стендтерде орналастырған. Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарының жиындарда  қызметтерін көрсету саласында тұрғындардың ұсыныстары және пікірлерін талқылаумен мемлекеттік мекеменің жұмысын жақсарту мәселелері көтерілген.

      www.gov.kz. Аршалы ауданы әкімінің сайтында. Әкімдіктің Instagram парақшасында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша.

Мемлекеттік мекеменің басшылықпен және  жауапты қызметкерлерімен көрсетілген мемлекеттік қызметтерін көрсету сапасына ішкі бақылау тұрақты негізінде  өткізіледі. Мемлекеттік қызметтерін көрсету мәселелері бойынша сөгелер болған жоқ.

 

2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтерін көрсету мәселелер бойынша «Ақбұлақ ауылдық округінің әкім аппараты» Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызметтер пайдаланушылардан арыз түскен жоқ.  

Мемлекеттік қызметтерінің сапасын бақылауды өткізу, бағалауды, қоғамдық мониторингтің мемлекеттік қызметтерін көрсетуі сапасы келесі қағидаттарға негізделген:

  • заңдылық;
  • әділдік;
  • бейтараптық;
  • нақтылық;

 

Сапа, уақыттылылық, қызмет алушылардың қанағаттылығы, мемлекеттік қызметтерін көрсету үдерістерінің айқындығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерін көрсету саласында мемлекеттік органдарының іс әрекетін әрі қарай   жетілдіру үлгілері бойынша көрсеткіштерін жақсарту мақсатында 2023 жылға бекітілген іс шаралар жоспарларына сәйкес келесі бағыттар бойынша жұмыс  өткізілген және өтіп жатыр:

 

  • мемлекеттік қызметтерін көрсету бекітілген мерзімдерін бұзуды жібермеуді

алдын  алу бойынша жұмыс  тұрақты негізінде  өткізіледі: сәйкес құқықтық актімен мемлекеттік қызметтерін көрсетуге жауапты тұлға бекітілген, қызметтерін көрсету уақытылылық мониторингі, мемлекеттік қызметтерін көрсету пайдаланушылардың қанағаттандыру талдауы жүргізіледі; 

 

     - мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы әлеуетті ақпараттандыруды жақсарту бойынша, оның ішінде электронды нысанда және ХҚКО РМК арқылы (бұқаралық ақпарат құралдарын тартумен) жұмыс жүргізіледі;

 

     - мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үдерістерінде тұтынушылар үшін жайлы жағдайларды жасау бойынша шараларды қабылдау (күтудің ұтымды жағдайы және қажетті құжаттарды дайындау, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін, ақпаратпен стендтердің болуы және мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті нұсқаларымен және т.б.);

 

  • мемлекеттік қызметтерінің қол жетімділік стандарттарды және

регламенттерді қамтамасыз ету:  уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, семинар-мәжілістерді, 2024 жылғы наурызда, тамызда округінің тұрғындармен кездесулерді өткізу жоспарлауда.

 

 

Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі                                               В. Сураев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 октября 2024