Аршалы ауданы бойынша 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу туралы

Аршалы ауданы бойынша 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу туралы

 

 

Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес еліміз үшін атом электр станциясын салу мәселесі жалпыұлттық референдум арқылы шешілетін болады. Референдумға қойылған сұрақ: "Сіз Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісесіз бе?».

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығымен ағымдағы жылғы 6 қазанға республикалық референдум жарияланды.

Аршалы ауданы бойынша республикалық рефрендумды дайындау мен өткізуге 36 референдум комиссиясы жұмылдырылды: 1 аумақтық және 35 учаскелік, оның ішінде 3 комиссия жабық, аудандық ауруханада, 6505 әскери бөлімінде және Аршалы ауданының полиция бөлімі жанындағы уақытша ұстау изоляторында орналасқан.

Комиссиялардың барлығы 190 мүшесі, оның ішінде аумақтық референдум комиссиясының 7 мүшесі, учаскелік референдум комиссияларының 183 мүшесі.

15 қыркүйектегі жағдай бойынша азаматтар саны 18 587 адамды құрайды.

МбА саны 175 адамды құрайды,оның ішінде 38 адам кресло-арбаларды пайдаланады, 53 адам-тірек-қимыл аппараты бұзылған, 57 адам-көру қабілеті нашар, оның ішінде 9 соқыр және 48 көру қабілеті нашар, 27 адам-есту қабілеті нашар, оның ішінде 3 саңырау-мылқау.

Аудан әкімдігінің 2021 жылғы 2 шілдедегі №А-204 қаулысымен 13 елді мекенде үгіт материалдарын орналастыру үшін орындар бекітілді.

Ауданның елді мекендерінде 33 ақпараттық баннер орналастырылды, сондай-ақ 100 ақпараттық плакат таратылды.

2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың бекітілген Күнтізбелік жоспарына сәйкес учаскелік референдум комиссияларына 15 қыркүйекте сайлаушылардың тізімдері берілді. 19 қыркүйекте акт бойынша комиссиялар есептен шығару куәліктерін алды. Комиссиялардың жұмысы күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіледі. Референдумның учаскелік комиссиялары азаматтарды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізді, шақыру қағаздары таратылды.

Әрбір азамат 20 қыркүйектен бастап азаматтардың тізімімен танысуға құқылы, және азамат жалпыға бірдей танысу үшін азаматтардың тізімін ұсыну мен республикалық референдумда дауыс беру күні арасындағы кезеңде өзінің болу орнын ауыстырған жағдайда жеке өтініші негізінде есептен шығару куәлігін алуға құқылы.

АРК тарапынан барлық учаскелік комиссиялар қамтамасыз етілген:

- стационарлық және тасымалданатын урналармен;

- дауыс беру кабиналары (МбА үшін қолайлы);

- ақпараттық стендтермен;

- кеңсе керек-жарақтарымен;

- ақпараттық плакаттармен;

- баннерлер және т. б.

Республикалық референдумға дайындық кезеңінде референдум комиссияларының барлық мүшелері қашықтықтан оқытудан және ҚР ОСК сайтында тестілеуден өтті.

Барлық сұрақтар бойынша Аршалы ауданының учаскелік референдум комиссияларына және аумақтық референдум комиссиясына жүгінуге болады.

 

Аршалы аудандық аумақтық референдум комиссиясы

Аршалы ауданы бойынша 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу туралы
Дата публикации
01 октября 2024