«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Аршалы ауданыдық мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба

Нормативтік құқықтық актілерді
әзірлеу, келісу және мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша

 

«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Аршалы  ауданыдық мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба

 

Р/с
№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

«Аршалы  ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

2

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасы негізінде

3

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Шешімнің жобасы қабылданған жағдайда қаржыландыру көзі Аршалы  ауданының бюджеті болып табылады. Аршалы  ауданы әкімінің оң қорытындысы бар.

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы

Жоқ.

5

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы»КММ қызметкерлеріне қамтамасыз ету.

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ.

7

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Жоқ.

8

Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

«Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Аршалы ауданыдық мәслихаты шешімінің жобасы Аршалы ауданы әкімдігінің сайтында, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 09 қыркүйегінде  орналастырылған       

9

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат

Аршалы  ауданы әкімдігінің сайтында орналастырылған.

10

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді.

11

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері

Жоқ.

 

 

Аршалы  ауданының экономика

және қаржы бөлімінің басшысы                                                Т.Ниевина

Дата публикации
10 сентября 2024