Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Аршалы ауданының әкімдігі айқындаған шартта көзделген тәртіппен 50 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтарда туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

Дата публикации
10 сентября 2024