ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 15 қыркүйекте Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жібек жолы сайлау округі
Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4 044 азамат енгізілді, олардың 2 243 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 27, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар –99.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Баймағамбетов А.Д. – 358;Ивликов Г.А. – 270; Канафин К.Б. – 1489.
1989 жылы туған, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Қанат Бегайдарұлы КанафинЖібек жолы ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы