Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау және өткізу туралы

Жібек жолы ауылдық округінің әкімін

сайлауын дайындау және өткізу туралы

 

 

          Аршалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 тамыздағы №28/16 қаулысымен а.ж. 15 қыркүйекке Жібек жолы ауылдық округінің әкімін кезекті сайлауы тағайындалды. Жібек жолы ауылдық округінің шекарасында Жібек жолы сайлау округі құрылды. ЖДібек жолы ауылдық округінің әкімін кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

          Үміткерлерді ұсыну 8 наурызда басталып, 2024 жылдың 20 тамызда сағат 18.00-де аяқталды. Көрсетілген кезеңде өзін-өзі ұсыну тәртібімен 5 кандидат ұсынылды.

          Сайлау бюллетеніне әкімге 3 кандидат енгізілді.

          Сайлау науқаны ағымдағы жылдың 25 тамызда сағат 18.00-ден кейін басталып, 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

          Сайлауды ұйымдастырушылар №№158, 159, 160, 161 учаскелік сайлау комиссиялары болып табылады, олар: №158 - Жібек жолы ауылының жалпы білім беретін мектебінде; №159 - Жібек жолы ауылының мектеп-лицейінде; №160 - Жібек жолы ауылының Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде; №161 - Жалтыркөл ауылының жалпы білім беретін мектебінде орналасқан.

          Қазіргі уақытта учаскелік комиссиялар жұмысқа кірісті, сайлау учаскелері мен ақпараттық стендтер ресімделді, онда алдағы сайлау, тіркелген кандидаттар туралы ақпарат орналастырылды. Жібек жолы ауылының аумағында өткізілетін сайлау туралы ақпараты бар төрт ақпараттық баннер орналастырылған.

          Жібек жолы ауылдық округінің сайлаушылары 30 тамыздан бастап сайлаушылар тізімімен таныса алады, барлық сұрақтар бойынша Жібек жолы ауылдық округінің сайлау учаскелеріне және Аршалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясына жүгінуге болады.

          Барлық қажетті ақпарат аудандық «Вперед» және «Аршалы айнасы» газеттерінде, сондай-ақ Аршалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Интернет парақшасында Аршалы ауданы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

 

Аршалы аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 августа 2024