2016 жылға арналған мектепке
дейiнгi тәрбие мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың
ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1-тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған 2016 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының әрiкетi 2016 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқықтың қатынаста таратылады.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкiмiнiң орынбасары М.М. Маусынбаеваға жүктелсiн.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аршалы ауданының әкiмi А.Тайжанов