АУДАНДЫҚ КОММУНАЛДЫҚ МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЙЫРУ ТҮРЛЕРІН ТАҢДАУ БОЙЫНША ӨЛШЕМДЕРДІ АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ

Аудандық коммуналдық
мүлiктi иелiктен айыру түрлерiн
таңдау бойынша өлшемдердi
айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 «Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасын бекiту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық коммуналдық мүлiктi иелiктен айыру түрлерiн таңдау бойынша өлшемдер айқындалсын.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ә.Т.Ыбыраевқа жүктелсiн.
3.Осы қаулының күшi 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Аудан әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Аршалы ауданының әкiмi                                                                           А.Тайжанов

Аршалы ауданы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы _____________
№_____________
қаулысына қосымша

Аудандық коммуналдық мүлiктi иелiктен айыру
түрлерiн таңдау бойынша
өлшемдер

№ р/т Өлшемдердің атауы Иеліктен айыру түрі
1 Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса Аукцион түріндегі жекешелендіру
2 Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса (қызмет түрін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу және басқа шарттар) Тікелей атаулы сату  
Дата публикации
10 июня 2016