«Сайлау учаскелерiн құру
туралы» Аршалы ауданы
әкiмiнiң 2016 жылғы
12 қаңтардағы № 02 шешiмiне
өзгерiстер енгiзу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес, Аршалы ауданының әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
1.Аршалы ауданы әкiмiнiң «Сайлау учаскелерiн құру туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 02 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзбесiнде № 5206 тiркелген, «Вперед», «Аршалы айнасы» газеттерiнде 2015 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған)шешiмiне келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
№ 164сайлау учаскесiнiң таратылуына байланысты көрсетiлген шешiмiнiң қосымшасындағы31 тармақалып тасталсын.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкiмi аппаратының басшысы Ә.Қ. Балташевқа жүктелсiн.
3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аршалы ауданының әкiмi А. Тайжанов
Келiсiлдi
Аршалы аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
«___»_________2016жылғы Л.Асанова