2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АРШАЛЫ АУДАНЫНДА АТА-АНАСЫНАН КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛҒАНҒА ДЕЙІН АЙЫРЫЛҒАН НЕМЕСЕ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН, БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЖАСТАР ҚАТАРЫНДАҒЫ АЗАМАТТАРДЫ, БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ОРЫНДАРЫНАН БОСАТЫЛҒАН АДАМДАРДЫ, ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АДАМДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ КВОТАСЫН БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi Қылмыстық-атқару кодексiнiң 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13898 болып тiркелген) сәйкес, Аршалы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, 2019 жылға арналған Аршалы ауданында ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.

2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, 2019 жылғаарналған Аршалы ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.

3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, 2019 жылға арналған Аршалы ауданында пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкiмiнiң орынбасары А. Байжұма жүктелсiн.

5. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Аршалы ауданының әкiмi                                                Т. Мұханбеджанов

Жүктеу

Дата публикации
30 ноября 2018