ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН ОРЫНДАР БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ КАНДИДАТТАРҒА САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУІ ҮШІН ҮЙ-ЖАЙЛАР БЕРУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес, Аршалы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бiрлесiп үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiленсiн.

2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуi үшiн шарттық негiзде үй-жайлар берiлсiн.

3. Аршалы ауданы әкiмдiгiнiң «Үгiт баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуi үшiн үй-жай беру туралы» 2015 жылғы 26 ақпандағы № А-104 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4687 тiркелген, «Аршалы айнасы» аудандық газетiнде 2015 жылғы 25 наурызда жарияланған), «Аршалы ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 26 ақпандағы № А — 104 «Үгiт баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуi үшiн үй-жай беру туралы» қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2015 жылғы 21 шiлдедегi № А-311 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4954 тiркелген, «Аршалы айнасы» аудандық газетiнде 2015 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған) қаулыларының күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Р.К. Сабировқа жүктелсiн.

5. Аудан әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Аршалы ауданының әкiмi                                         Т. Мұханбеджанов

жүктеу

Дата публикации
27 сентября 2019