АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес, Аршалы ауданының әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.1 қосымшаға сәйкес Аршалы ауданының сайлау учаскелерi құрылсын.

2.2 қосымшаға сәйкес Аршалы ауданы әкiмiнiң шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3.Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Аршалы ауданының әкiмi аппараты басшысының мiндетiн атқарушы Г.С. Есенғартоваға жүктелсiн.

4. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Аршалы ауданының әкiмi                                                         Т. Мұханбеджанов

Жүктеу

Дата публикации
27 сентября 2019