«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 27 наурызында сағат 10:00-де
Астана қ-сы, Бейбiтшiлiк к-сi, «Өркен» Iскерлiк Орталығы мекен-жайы бойынша өтетiн Ашық есiк күнiне шақырады.
Шараға қатысушылардың барлығы Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзектi ақпарат ала алады.
Болашақ зейнеткерлерге келесi сауалдар бойынша кеңес берiледi:
-зейнетақы жүйесiн жаңғырту себептерi;
-зейнетақы жүйесiне 01.01.2018 жылдан бастап енгiзiлген өзгерiстер;
-кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн жүргiзу тәртiбiне енгiзiлген өзгерiстер;
-01.01.2018 жылдан бастап бекiтiлген кесте бойынша жүргiзiлетiн зейнетақы төлемдерiн есептеу;
-базалық зейнетақыға қатысты өзгерiстер.
«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерi осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат бередi. Қатысушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына орайөздерiн толғандырған сауалдарға жауап алумен бiрге мамандардан да жеке кеңес ала алады.
enpf.kz