ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЗАҢНАМАСЫНА 2018 ЖЫЛДЫҢБАСЫНДА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2018 жылғы «27» наурыз

Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдыңбасында

енгiзiлген өзгерiстер туралы

БЖЗҚ-да Ашық есiк күнi өткiзiлдi

Алматы, Қазақстан

2018 жылдың 27 наурызында, сейсенбi күнi Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалдарында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгiзiлген өзгерiстер» тақырыбы бойынша Ашық есiк күнi шарасы өткiзiлдi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындарға зейнетақы заңнамасына енгiзiлген өзгерiстерге қатысты кешендi мәселелер бойынша ақпарат беру жұмыстарын белсендi түрде жүргiзiп келедi.

Ашық есiк күнi шарасына қатысушылар зейнетақы жүйесiн жаңғырту себептерi мен алға қойылған мақсат-мiндеттер жайында толыққанды мәлiметтер алды. Қор қызметкерлерi зейнетақы төлемдерiн ай сайын жүзеге асыру кестесiне ауысу себептерi, базалық зейнетақыны тағайындау тәртiбiнiң өзгеруi және басқа да тақырыптар бойынша жан-жақты әңгiмеледi.

Ашық есiк күнi бағдарламасы аясында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгiзiлген өзгерiстер» атты көрнекi таныстырылым паш етiлдi. Онда зейнетақы заңнамасына енгiзiлген және болашақта енгiзiлетiн өзгерiстер: базалық зейнетақыны ұлғайту, шартты-жинақтаушы құрамдауыш туралы толыққанды мәлiмет берiлген.

БЖЗҚ Астана филиалының қызметкерлерi қатысушыларға аталған өзгерiстердiң зейнетақы заңнамасына осы зейнетақы жүйесiнiң тұрақтылығы мен тиiмдiлiгiн нығайту, сондай-ақ мемлекеттiк бюджет және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен берiлетiн жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру мақсатында енгiзiлгендiгiн атап көрсеттi.

«Зейнетақы жүйесiнiң құрылымы туралы бiлу, түсiну болашақ зейнеткерлерге зейнет жасына алдын ала дайындалуға септiгiн тигiзедi. Бұл жәйт зейнеталды жасындағы азаматтарға да, еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жастарға да тиесiлi. Өйткенi, болашақ туралы, зейнет жасында алатын зейнетақы туралы ерте бастан ойлау керек. Ал бұл болашақта алатын зейнетақыны арттыру жолдарын қазiрден бастап ойластыруға мүмкiндiк бередi», — дедi Астана филиалының директоры.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есiк күнi шарасын тұрақты негiзде өткiзiп тұрады. Бұл күнi кез келген ниет бiлдiрушi азамат Қор тарапынан көрсетiлетiн қызметтердi алып қана қоймай, Қордың қызметi мен зейнетақы жүйесi туралы қызықты мәлiметтер ала алады.

Астана филиалында өткiзiлген iс-шараға шамамен 500 қала тұрғыны қатысты. Ашық есiк күнiне алғаш келген салымшылардың бiрiнiң айтуыншаАшық есiк күнi өте қызықты болды.«Мен зейнеткермiн. Зейнетақы жүйесiне енгiзiлген өзгерiстердiң зейнеткерлерге немесе зейнеткерлiк жасқа жаңадан толатын азаматтарға қаншалықты қатысы бар екендiгi жайлы пайдалы ақпарат алдым. 1 шiлдеден бастап базалық зейнетақының өсетiндiгi менi қуантады» — дедi ол.

Шараға қатысушы әйелдердiң бiрi әйел азаматтардың зейнеткерлiкке шығу жасының кезең-кезеңмен ұлғаятындығына түсiнiстiкпен қарайтындығын жеткiздi. «Бұл мен үшiн Қордағы зейнетақы жинақтарының көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Сәйкесiнше болашақ жиынтық зейнетақымның мөлшерi арта түседi» — дедi ол.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттiк топтамасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сенiмгерлiк басқаруында. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
28 марта 2018