БЖЗҚ-ДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

БЖЗҚ-ның облыстық/қалалық филиалында бүгiн келушiлер саны соңғы үш ай iшiнде рекордтық көрсеткiшке жеттi. Қор ұйымдастырған «Ашық есiк күнiне» 434 салымшылар, алушылар мен зейнетақы саласы туралы кеңiрек бiлгiсi келген басқа да азаматтар қатысты. Мұндай шара былтырғы жылдың басынан бастап әрбiр тоқсан сайын өткiзiлiп тұрады. Бұл күнi барлық қазақстандықтар БЖЗҚ филиалдарына келiп, республикамыздың зейнетақы жүйесiне қатысты сауалдарына жауап ала алады. Қор жетекшiлiгi жұртшылықтың бұл шараға деген қызығушылын ескере отырып, Ашық есiк күнiн дәстүрлi шараға айналдыруды шештi. Бiр жарым жыл iшiнде Ашық есiк күнiне 20 мыңнан астам адам қатысты. Бұл жолы қор қызметкерлерi шараға қатысушыларды зейнетақы жарналарының түрлерiмен және жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алу әдiстерiмен таныстырды.

Қазiргi таңда Қазақстанда зейнетақы жарналарының 3 түрi бар. Мiндеттi зейнетақы жарналары азаматтардың, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналары жұмыс берушiлер тарапынан зиянды жағдайда жұмыс iстейтiн жұмыскерлердiң есебiне аударылса, үшiншi- ерiктi зейнетақы түрлерi өзiнiң зейнет жасын жоспарлап, қарттық шақтағы қажеттiлiктерiне қаражат жинауға ниеттi азаматтарға арналған.

Салымшыларға өздерiнiң жеке зейнетақы шоттарының жай-күйi туралы бiлiп отыру да маңызды. Бүгiнде бұл туралы бiлу үшiн Қор кеңсесiне бару немесе дәстүрлi пошта байланысымен пайдалану мiндеттi емес. БЖЗҚ-да көптеген қызмет түрлерiн электрондық сервистер арқылы алуға болады. Бұл бағытта жасалған алғашқы қадам электрондық пошта болса, қазiр БЖЗҚ салымшылары мен алушылары www.enpf.kz сайты жеке кабинет ашуына болады немесе «e-mail-ге ЖЗШ-дан үзiндi –көшiрме алу» қызметiмен; Android, iOS (iPhone, iPad) и Windows Phone операциялық жүйелерiне арналған ENPF мобильдi қосымшасымен пайдалана алады. Ал «Цифрлы Қазақстан» ұлттық бағдарламасы электрондық қызмет мүмкiндiктерiн кеңейте түстi. EGOV.KZ электрондық үкiметiнiң порталы арқылы да Қор қызметтерiн қолдануға болады.

Ашық есiк күнi туралы пiкiрiмен шараға зейнетақы шотының жай-күйiн бiлгiсi келген әжесiн әкелген Арсен есiмдi жiгiт бөлiстi. «Зейнетақы қорының жұмысын мен ескiше түсiнетiнмiн. Ал бүгiн мұнда заманауи технологиялар жан-жақты енгiзiлгенiн көрiп, таңданып қалдым. Ендi әжеме оларды қолдануға көмектесемiн. Үйде шәй iшiп отырып-ақ қызмет алатын болады».

Тағы бiр қатысушы Жомарт жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкте қызмет етедi екен. «Мен зейнетақы шотым туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы алып отырамын. Соңғы үзiндi-көшiрме келгенде, жұмыс берушi жарнамды уақытылы аудармағанын, бiрақ бұны бiзден жасырғанын түсiндiм. Бүкiл мекемедегi жағадй осындай болып шықты. Бiздiң талабымыздан кейiн жарна аударылды. Ендi мен қор сайтында жеке кабинет ашып, жағдайды әрдайым қадағалап отырмақпын. Басқаларға да осындай кеңес берем. Интернет арқылы қызмет алудың еш қиындығы жоқ, әрi ыңғайлы».

2017 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ операцияларының 52 пайызы электрондық әдiспен көрсетiлген. Қордың корпоративтiк стратегиясына сай, 2021 жылы бұл көрсеткiштi 60 пайызға жеткiзу көзделген.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
25 июня 2018