2018 жылдың 20 қарашасында «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласының филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетiмдi» атты Ашық есiк күнi өткiзiледi. Қор бұл шараны екi жылдан берi дәстүрлi түрде әр тоқсан сайын ұйымдастырып келедi. Бұл жолы ол әдеттегiден ерекше болмақ — алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен қатар мектеп оқушылары мен студенттер арнайы шақырылып отыр. Бiзге филиал директоры Шарипов М. әңгiмелеп бергендей, Қор халықтың қаржылық мәдениетiн қалыптастыруға үлкен мән бередi. Оның айтуынша, бұл шараға жас ұрпақтың тартылуы кездейсоқ емес. Таяу болашақта жоғары сынып оқушылары мен студенттер жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатыса бастайды, ал олардың зейнетақылары қазiргi заманғы зейнеткерлер қамтылатын мемлекеттiк бюджеттен емес, өздерiнiң аударған зейнетақы жинақтарына тiкелей байланысты болады. Ашық есiк күнi барысында Қор қызметкерлерi оқушылар мен студенттердi зейнетақы жүйесiнiң негiздерiмен таныстырып, олардың арасында викторина ұйымдастырмақ. Ең белсендi қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.
Сонымен қатар шараға келушiлер Қор қызметтерiне қалай жүгiнуге болатындығын бiле алады.Зейнетақы қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгi Бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бiрi. БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсiлдерi мен қызметтердiң сапасын жетiлдiрудi уақыт талабына сай дамытуға ұмтылады. Бүгiнде Қор қызметтерi елiмiздiң барлық тұрғындарына дерлiк қолжетiмдi. Елiмiздiң аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары, көшпелi қызмет жұмыс iстейдi, мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға мобильдi агенттер қызмет көрсетедi.
2018 жылдың көктемiнде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елдi мекендерге қызмет көрсету үшiн жылжымалы кеңселер iске қосылды. Келесi жылы көлiктегi кеңселер елiмiздiң тағы 12 аймағында енгiзiлмек. Үстiмiздегi жылдың 9 айында 18 мың көшпелi таныстырылым өткiзiлiп, оған 580 мың адам тартылды. 30 мыңға жуық адам әрбiр тоқсан сайын барлық филиалдарда ұйымдастырылатын Ашық есiк күндерiне қатысты.
- «БЖЗҚ қызметтерiнiң 80 пайызы қазiр қашықтықтан электрондық түрде қолжетiмдi. Соның арқасында кеңсеге келiп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесiне бейiмделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшыларға уақытын үнемдеуге мүмкiндiк бередi»,- дейдi филиал директоры.
Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша www.enpf.kz ресми сайты арқылы Қор төрайымының блогына сауал жолдауға немесе байланыс орталығының 1418 нөмiрiне хабарласуға болады (Қазақстан бойынша барлық ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегiн). Биыл БЖЗҚ танымал мессенджер Telegram арқылы өз ботын iске қосты. Бұл сервистiң көмегiмен тұрғындар өз жинақтары туралы шағын үзiндi-көшiрме алып, жеке кабинетiнiң құпиясөзiн қалпына келтiрiп, өзектi жаңалықтармен, қордың ағымдағы көрсеткiштерiмен танысып, Қордың ең жақын бөлiмшесiнiң мекенжайын бiлулерiне болады. Аталмыш ботты пайдалану үшiн iздеу жолына «enpfbot» деп жазу керек.
Қор өкiлдерiнiң айтуынша, электрондық тәсiлмен мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын есептеу жөнiндегi жеке зейнетақы шотын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы хабарлама алуға, деректемелердi немесе ЖЗШ жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлiн өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердiң шамалас мөлшерiн есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы да бар.
«Зейнетақы мәселелерi елiмiздiң барлық тұрғындарын толғандырады. Алайда барлық азаматтардың бiздiң бөлiмшелерге келуге қолдары тие бермейдi. Сондықтан бiз салымшылар мен алушылармен байланыс жасаудың барлық мүмкiндiктерiн қолдануға тырысамыз», -дейдi қор қызметкерлерi.
