ХАБАРЛАНДЫРУ 1 НЕМЕСЕ 2 ТОПТАҒЫ МЕРЗІМСІЗ БОЙЫНША МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР ҮШІН

Құрметтi қала тұрғындары мен қонақтар!

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңына сәйкес, 24 бап, 2-тармақша, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, егер мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленсе, БЖЗҚ-ға мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады немесе төлемдер салымшының өтiнiшi бойынша жасалуы мүмкiн. Сонымен қатар, жеке зейнетақы шоттарында жинақ болса, онда төлемдер зейнеткерлiк жасқа толғанға дейiн алынуы мүмкiн. Зейнетақы жинақтарын алу үшiн Қордың кез-келген филиалына, тұрғылықты жерi мен тұратын жерiне қарамастан, байланысуға болады.

Өзiмен бiрге тек қана: жеке басын куәландыратын құжат және банк шоты туралы мәлiмет болуы қажет.

БЖЗҚ-дан зейнетақылық төлемдер ай сайын жүргiзiледi. Егер салымшының зейнетақы жинақтарының сомасы ең төменгi зейнетақының 12 еселенген мөлшерiнен аспаса (2019 жылы 433 296 теңгенi құрайды) онда ол сомма толығымен төленедi.

Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалдың барып кызмет көрсету бөлiмшесi, салымшыларға, Қордың кеңселерiнен тыс қызмет көрсетедi. Бұл үшiн БЖЗҚ сайтында "Электрондық сервистер"немесе Call-орталық — 1418 халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн барып қызмет көрсетуге өтiнiш беру қерек.

«Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Нұр-Сұлтандағы филиалының бөлiмдерiнiң мекенжайы:

№ Бөлім Мекен-жайы Жұмыс кестесі
1 Бөлім № 1 Нұр-Сұлтан қ., Есиль ауданы, Туран даң., 18 Блок "А" каб.107 Дс-Жм 08:00-19:00, Сн 09:00-13:00
2 Бөлім № 2 Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа ауданы, Т. Бигелдинов к., 12 Дс-Жм 08:00-19:00, Сн 09:00-13:00
3 Бөлім № 3 Нұр-Сұлтан қ., Байқоңыр ауданы, Республика даң., 4 Дс-Жм 08:00-19:00, Сн 09:00-13:00
4 Бөлім № 4 Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Күйші Дина к., 31, НП 6 Дс-Жм 08:00-19:00, Сн 09:00-13:00
5 Call-центр 1418 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін
Дата публикации
12 июня 2019