Баспасөз аңдатпасы
БЖЗҚ Ашық есiк күнiн өткiзедi
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу аясында 2019 жылдың 21 маусымында өзiнiң барлық филиалында кезектi Ашық есiк күнiн өткiзедi.
Бұл жолғы шараның артықшылығы сол, бұл күнi Қор мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтiк қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органдардың, қоғамдық және мемлекеттiк емес бiрлестiктердiң өкiлдерi келушiлерге әр түрлi сұрақтар бойынша жауаптар мен ақыл-кеңестер бередi.
Ашық есiк күнiн өткiзудегi басты мақсат — салымшыларға зейнетақы жүйесi мен әлеуметтiк сала бойынша жан-жақты ақпарат беру және ең керектi қызметтердi бiр жерде көрсету.
Сiздердiң сұрақтарыңызға мына құрылымдардың мамандары жауап бередi:
- «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы»;
- «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ;
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң департаментi;
- ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң департаментi;
- «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ;
- «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының департаментi;
- Кәсiпкерлер палатасы;
- «Нұр-Отан» партиясының өкiлдерi.
Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерiнiң пiкiрлерi мен ескертпелерiн жазып қалдыра алады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Қор қызметтерi туралы толық ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ кеңселерiнен алуға болады.
Бiз сiздердi Нұр-Сұлтан қаласы, Бигелдинов қөшесi, 12 ұй мекенжайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы филиалының кеңсесiнде күтемiз.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).