Халық арасындағы насихаттау жұмысы аясында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 20 қыркүйекте Қазақстан аумағындағы өзiнiң барлық филиалында «Ашық есiк күнiн» өткiзедi.
Күннiң басты тақырыбы — «Ерiктi зейнетақы жарналары — өзiңiздiң және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз». Қазiр — бұл зейнетақы жинақтары саласындағы ең жиi талқыланатын мәселелердiң бiрi. Қор мамандары келешекте салымшыларды қандай артықшылықтар мен бонустар күтiп тұрғанын айтып бередi.
Сонымен қатар бұл iс-шара мақсаты — зейнетақы жүйесiнiң жалпы жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша салымшыларды кешендi хабарландыру.
Iс-шараға қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тiлектерi мен ескертулерiн айту мүмкiндiгi берiледi.
Сiздердi «БЖЗҚ» АҚ кеңселерiнде күтемiз!
Бiз сiздердi Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Нұр-Сұлтан қ-сы филиалының, Абай даңғылы, 13 үй, «Iскер» Бизнес Орталығы мекенжайындағы «БЖЗҚ» АҚ Нұр-Сұлтан қ-сы филиалының кеңсесiнде күтемiз.